Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінiң
 2015 жылғы 2 желтоқсандағы
 № 19-2/1054 бұйрығына
 2-қосымша
Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзiрлеу қағидалары 
Редакция 16.01.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзiрлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 28-3) тармақшасына сәйкес әзірленді, бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзiрлеу тәртібін анықтайды және бөгеттерді пайдаланатын барлық меншік нысанындағы ұйымдарға (бұдан әрі – ұйымдар) қолданылады. 
2. Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясы, уәкілетті орган бөгеттер қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаған ұйымда өтінім беруші ұйымның қаражаты есебінен сараптамадан өтуі тиіс.
3. Тіркеу шифрін беру үшін бөгеттің қауіпсіздігі декларациясы су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияда (бұдан әрі – бассейндік инспекция) тіркелуі тиіс.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.08.2016 жылғы № 351 Бұйрығына сәйкес (02.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.09.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Бассейндік инспекцияның бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу мерзімі құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.
4. Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеуді бөгетті пайдаланатын ұйым дербес не оның қаражаты есебінен аттестатталған бөгде ұйым жүзеге асырады.
5. Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын аттестатталған ұйым әзірлеген жағдайда, сараптамалық қорытындыны басқа аттестатталған ұйым береді.
6. Бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясы мыналарды қамтиды:
6-тармақ өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.08.2016 жылғы № 351 Бұйрығымен (02.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.09.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.12.2019 жылғы № 109 Бұйрығына сәйкес (02.08.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) бөгет және ол орналасқан ауданның табиғи жағдайлары, жобада, пайдалану қағидаларында және уәкілетті мемлекеттік органдардың нұсқамаларында көзделген қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы деректерді (мысалы, бөгетте орнатылған жүк көтергіш механизмдерді, өрт дабылдамасын пайдалану мәселелері бойынша) қамтитын жалпы ақпарат, пайдаланушы ұйым туралы негізгі мәліметтер;
3) бөгеттің қауіпсіздігі декларациясына қосымша ретінде – жалпы сызбалар жиынтығы бар бөгет паспорты: су қоймасының жоспары, гидротораптың бас жоспары, тегеурін шебінің құрылысжайлары, қоршау және қорғау дамбалары бойынша жоспарлар мен бөліністер, су басу аймақтары, қоршаған ортаға зиянды әсер ету аймақтарының шекаралары есептемелерінің нәтижелері бар ахуалдық жоспар;
4) құрылыс және пайдалану кезеңдерінде бөгет арқылы белгіленген көлемдегі тасқын суларды жіберу жөніндегі техникалық шешімдердің негіздемесі;
5) қауіптің ықтимал көздерін айқындауды және мақсатына, күрделілік сыныбына, конструкция ерекшеліктеріне, пайдалану шарттарына және қауіпсіздікке қойылатын арнайы талаптарға байланысты бөгеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекшеліктерін ескере отырып, төтенше жағдайларға жол бермеуге және (немесе) олардың салдарларын азайтуға дайындығын қоса алғанда, бөгеттің қауіпсіздігін талдау және бағалау;
6) беріктікке, тұрақтылыққа, су өткізбеушілікке және төзімділікке арналған есептеу негізінде бөгет қауіпсіздігі көрсеткіштерінің белгіленген жол берілетін мәндері;
7) бөгетті тегеурінге қою кезеңіндегі заттай байқау деректері;
8) жекелеген конструкциялық элементтер үшін қауіпсіздік өлшемшарттарын және тұтастай алғанда құрылысжай қауіпсіздігі деңгейін айқындай отырып, құрылысжайлардың техникалық жай-күйін заттай байқау нәтижелері, сондай-ақ қауіпсіздіктің шекті жол берілетін көрсеткіштерін нақтылау бойынша ұсыныстар;
9) бөгетте болған апаттар және оларды жою жөніндегі шаралар туралы деректер;
10) объектілерді күзету жүйесі және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы деректер;
11) пайдаланушы ұйымның бөгеттің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары;
12) бөгеттегі ықтимал және туындаған апаттық жағдайлар туралы халықты, уәкілетті орган мен бассейндік инспекцияны, ішкі істер органдарын, облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарын хабардар ету;
13) декларанттың жекелеген тораптардың және жалпы бөгеттің қауіпсіздігі деңгейін, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қажетті іс-шаралар тізбесінің жеткіліктілігін бағалауы;
14) қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрылысы немесе реконструкциялануы, күрделі жөндеуі, қалпына келтірілуі аяқталған бөгетті пайдалануға қабылдау актісі.
7. Бөгетті пайдаланатын ұйымның басшысы (жобаға тапсырыс беруші) әзірленген декларацияның аттестатталған ұйымда бөгеттің қауіпсіздігі сараптамасының жүргізілуін қамтамасыз етеді.
8. Оң сараптамалық қорытынды алынған жағдайда, бөгеттің қауіпсіздігі декларациясы бөгетті пайдаланатын ұйымның басшысына (жобаға тапсырыс берушіге) бекітуге енгізіледі. 
9. Теріс сараптамалық қорытынды алынған жағдайда, бөгеттің қауіпсіздігі декларациясы декларация лерді жою үшін ұйымға қайтарылады және қайталама сараптамаға ұсынылады.
10. Бөгетті реконструкциялау, күрделі жөндеу, қалпына келтіру және (немесе) консервациялау жағдайларын қоса алғанда, бөгеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін шарттар (бөгет ішінде және одан тыс жерде) өзгертілген жағдайда, бөгеттің қауіпсіздігі декларациясы өзгертілуі тиіс. 
Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясына өзгерістер енгізілген жағдайда, ол өзгерістер енгізілгеннен кейін үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде қайта сараптамадан өтуі және бассейндік инспекцияда тіркелуі тиіс.
10-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.08.2016 жылғы № 351 Бұйрығына сәйкес (02.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.09.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
11. Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясы кемінде бес жылда бір рет әзірленеді, сондай-ақ мерзіміне қарамастан мынадай жағдайларда:
1) құрылыстың беріктігі деңгейінің төмендеу қаупі туындаған, төтенше жағдайлардың алдын алу шарттары нашарлаған кезде;
2) бөгеттерді реконструкциялаудан, күрделі жөндеуден, қалпына келтіруден және (немесе) консервациялаудан кейін – тиісті құрылыс-монтаждау жұмыстарын қабылдағанға дейін;
3) объектіні пайдалануға беру алдында;
4) пайдаланудың алғашқы екі жылынан кейін;
5) гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілер, қағидалар мен нормалар өзгерген кезде;
8) бөгеттің класын айқындайтын шарттар өзгерген кезде түзетілуі тиіс.
12. Салынып жатқан бөгеттерге арналған бөгеттің қауіпсіздігі декларациясы құрылысты уақытша және (немесе) тұрақты пайдалануға берудің белгіленген мерзіміне дейін әзірленеді.
13. Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясы мемлекеттік тілде және орыс тілдерінде екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде әзірленіп, ресiмделедi және оны бөгетті пайдаланушы (жобаға тапсырыс беруші) ұйымның бірінші басшысы бекітеді.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.08.2016 жылғы № 351 Бұйрығына сәйкес (02.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.09.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
14. Бассейндік инспекцияда тіркеу үшін бөгеттің қауіпсіздігі декларациясы жоба құрамында және (немесе) жеке құжатпен ұсынылады.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.08.2016 жылғы № 351 Бұйрығына сәйкес (02.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.09.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
15. Бөгеттердің және бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеген ұйымдардың тізбесі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Полная версия
ИС BestProfi