Близость слов: Окончание:





Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 3-2/1078 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 12 қаңтарда № 12857 болып тіркелді
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 14) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ереже бекітілсін. 
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгілінген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2016 жылғы 2 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 11 желтоқсандағы
 № 3-2/1078 бұйрығына
 1-қосымша
Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ереже
1. Осы Экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктi немесе оған балама құжатты тану тәртiбi туралы ереже (бұдан әрi – Ереже) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 14) тармақшасына сәйкес әзiрлендi, экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктi немесе оған балама құжатты тану тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) импорттаушы – Қазақстан Республикасына асыл тұқымды өнiмдi (материалды) әкелудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
2) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiк немесе оған балама құжатты тану – импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берілген асыл тұқымдық куәліктің немесе оған балама құжаттың осы Ережемен бекітілген тәртіпте келісілген Үлгіге сәйкестігін растау рәсімі; 
3) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктің немесе оған балама құжаттың үлгісі (бұдан әрі – Үлгі) – экспорттаушы елдердің құзыретті органдарымен қабылданған асыл тұқымдық өнім (материал) туралы жалпы мәліметтердің жиынтығы;
4) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктің немесе оған балама құжаттың үлгісін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – республикалық палата (бұдан әрі – Палата) жыл сайын құратын алқалы орган, оның құзыретіне импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары берген асыл тұқымдық куәліктердің немесе оларға балама құжаттардың үлгілерін олардың келісілу мәніне қарау кіреді.
Полная версия
ИС BestProfi