Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.06.2024
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторы аттестатының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1122 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 желтоқсанда № 12547 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2024 жылғы 10 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 15.09.2023 жылғы № 8 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 09.09.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 13-6) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторы аттестатының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет - ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет - порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
       _________________ Е. Досаев 
2015 жылғы 10 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің
 2015 жылғы 30 қарашадағы
 № 1122 бұйрығымен
 Бекітілген
  Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
_____________________________________________________________________
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының АТТЕСТАТЫ
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 жылғы № 322 Бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Аттестаттау түрі: бастапқы - ;       қайтадан- 
Осы аттестат____________________________________,        ____________
          ( аттестатталған тұлғаның толық Т.А.Ә.А.)         ( туған күні)
ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі )______________________________________
оның рұқсат беру талаптарына сәйкес екендігіне берілді.
Аттестаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап 3 (үш) жыл.
Аттестат Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
 уәкілетті органның басшысы лауазымы       Т.А.Ә. А.         қолы
Полная версия
ИС BestProfi