Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.04.2013 жылғы № 374 Қаулысымен (09.08.2011 ж редакцияны қараңыз)
Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.03.2014 жылғы № 198 Қаулысымен (18.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.07.2014 жылғы № 813 Қаулысымен (05.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.07.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.02.2015 жылғы № 46 Қаулысымен (21.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.03.2015 жылы № 43(28521)„Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағида жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1174 Қаулысына сәйкес (10.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.01.2016 жылы № 17 (28749) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Осы Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 100-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жекешелендіру объектілерін аукцион мен тендер, жабық тендер, қор биржасындағы сауда-саттық, екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс нысанындағы сауда-саттықта, сондай-ақ тікелей атаулы сату арқылы сату, акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату тәртібін реттейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.04.2021 жылғы № 247 Қаулысына сәйкес (05.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.12.2022 жылғы № 1133 Қаулысына сәйкес (16.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.04.2021 жылғы № 247 Қаулысына сәйкес (05.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.04.2021 жылғы № 247 Қаулысына сәйкес (05.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ағымдағы баға – жекешелендіру объектісінің бағаны көтеру аукционы нысанындағы сауда-саттық барысында қалыптасатын бағасы немесе бағаны төмендету аукционы нысанындағы сауда-саттық барысында қалыптасатын жарияланған баға;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.04.2021 жылғы № 247 Қаулысына сәйкес (05.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) алғашқы баға – тәуелсіз консультанттар немесе бағалаушы ұсынған жекешелендіру объектісінің құнын бағалау туралы есептің негізінде айқындалатын және мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия белгілейтін жекешелендіру объектісінің бағасы;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.04.2021 жылғы № 247 Қаулысына сәйкес (05.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) аукцион – электрондық форматта тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, қатысушылар өздерiнiң ұсыныстарын жария түрде мәлiмдейтiн сауда-саттық нысаны;
5) аукцион нөмірі – Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде қатысушыға аукционға қатысу үшін берілетін нөмір;
7) екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурс – кезең-кезеңiмен келiссөздер жүргiзу арқылы тәуелсіз консультанттардың қатысуымен сатушы конкурс жеңiмпазын айқындайтын сауда-саттық нысаны;