Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.01.2019
Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 міндетін атқарушының
 2015 жылғы 31 желтоқсандағы
 № 717 бұйрығына
 1-қосымша
Редакция 22.02.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.02.2017 жылғы № 76 Бұйрығына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
21.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар күшін жойды 2019 жылғы 5 қаңтардан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 жылғы № 598 Бұйрығына сәйкес
1. Осы Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – орта білім беру ұйымдары) ақылы және тегін негізде оқитындарға тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді немесе тауарларды сатып алу тәртібін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.02.2017 жылғы № 76 Бұйрығына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
21.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Тамақтандыруды ұйымдастырудың міндеттері:
білім алушыларды тиімді тамақтандырумен қамтамасыз ету;
тағам әзірлеуде пайдаланатын тамақ өнімдерінің сапасына және қауіпсіздігіне кепілдік беру;
білім алушылар арасында тамақтан уланудың алдын алуға және профилактикасына бағытталған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10275 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) талаптарын сақтау болып табылады.
3. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қоғамдық тамақтандыру қызметін көрсетуге мамандандырылған заңды немесе жеке тұлға болып табылатын көрсетілетін қызмет берушілер жүзеге асырады.
4. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуетті өнім беруші – қызмет көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі туралы шарт жасасуға үмiткер, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум);
2) білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру – білім алушыларға, олардың білім беру ұйымдарында болу кезеңінде тамақтандыруды ұсыну бойынша қызмет көрсету немесе тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауарларды сатып алу үшін қажетті жағдай жасау;
3) интернет-ресурс – аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық ресурс;
4) конкурсқа қатысуға өтінім – конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған, қызметтер көрсету немесе тауарларды жеткізу үшін материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие екенін растайтын, әлеуетті өнім беруші ұсынатын құжаттар;
5) конкурстық комиссия – конкурс өткізуге конкурсты ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
6) конкурстық құжаттама – әлеуетті өнім берушіге конкурсқа қатысуға өтінім дайындау үшін және конкурс өткізу шарттары мен тәртібі қамтылған конкурсты ұйымдастырушы ұсынатын құжаттар;
7) конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімі – әлеуетті өнім берушімен көрсетілетін қызметтерді көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі туралы шарт жасасу мақсатында конкурсты ұйымдастырушы осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын өзара байланысты, жүйелі іс-шаралар кешені;
8) конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) – орта білім беру ұйымы немесе білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті өз бетінше жүргізбеген жағдайда, білім беру органы;
9) көрсетілетін қызмет берушіні таңдау өлшемшарттары – әлеуетті өнім берушінің қызмет көрсетуі бойынша мүмкіндіктері мен жағдайларын бағалау негізінде жасалатын белгілер;
Полная версия
ИС BestProfi