Близость слов: Окончание:





"Атом энергиясын пайдалану туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 7-ө өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Қазақстан Республикасы
 Премьер-Министрінің
 2016 жылғы 29 қаңтардағы
 № 7 өкімімен
 бекітілген
«Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық және құқықтық актiлердiң тiзбесi
Р/с
Нормативтiк құқықтық актiнiң атауы Нормативтік құқықтық және құқықтық актiнiң нысаны Орындалуына жауапты мемлекеттік орган Орындау мерзiмi Нормативтiк құқықтық және құқықтық актiні сапалы және уақтылы әзірлеу мен енгізуге жауапты тұлға
1 2 3 4 5 6
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы ЭМ 2016 жылғы ақпан Б.М. Жақсалиев
2. Қазақстан Республикасының аумағында Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiк инспекцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы ЭМ 2016 жылғы ақпан Б.М. Жақсалиев
3. Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы ЭМ 2016 жылғы ақпан Б.М. Жақсалиев
4. Ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы ЭМ 2016 жылғы ақпан Б.М. Жақсалиев
5. Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы ЭМ 2016 жылғы ақпан Б.М. Жақсалиев
6. Ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы ЭМ 2016 жылғы ақпан Б.М. Жақсалиев
7. Радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы ЭМ 2016 жылғы ақпан Б.М. Жақсалиев
8. Атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы ЭМ 2016 жылғы ақпан Б.М. Жақсалиев
9. Атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы ЭМ 2016 жылғы ақпан Б.М. Жақсалиев
10. Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы ЭМ 2016 жылғы ақпан Б.М. Жақсалиев
11. Иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы ЭМ 2016 жылғы ақпан Б.М. Жақсалиев
12. Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы ЭМ 2016 жылғы ақпан Б.М. Жақсалиев
13. Ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы ЭМ 2016 жылғы ақпан Б.М. Жақсалиев
14. Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы ЭМ 2016 жылғы ақпан Б.М. Жақсалиев
15. Радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы ЭМ 2016 жылғы ақпан Б.М. Жақсалиев
16. Ядролық материалдарды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы ЭМ 2016 жылғы ақпан Б.М. Жақсалиев
17. Тасымалдау қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы ЭМ 2016 жылғы ақпан Б.М. Жақсалиев
18. Радиоактивті қалдықтарды және пайдаланылған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы ЭМ 2016 жылғы ақпан Б.М. Жақсалиев
19. Атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы ЭМ 2016 жылғы ақпан Б.М. Жақсалиев
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
ЭМ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Полная версия
ИС BestProfi