Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 26.06.2017
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің регламенті туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 ақпанда № 13002 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 26 маусымнан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 23.05.2017 жылғы № 109 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюросы, құрылымдық бөлімшелері, аумақтық органдары, ведомствоға бағынысты ұйымдарының басшылары Регламентті мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Заң департаменті:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) оның заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелімінен кейін он календарлық күннен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін жолдануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның бірінші ресми жариялану күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр Т. Донақов
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президент, Үкімет актілеріне, Министрлік туралы Ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік), сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның (бұдан әрі – Ұлттық бюро), құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің және ведомствоға қарасты ұйымдардың Министрлікке жүктелген функцияларды орындау процесіндегі қызметі қағидаларын айқындайды.
2. Осы Регламентте белгіленген талаптар Министрліктің орталық аппаратының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның, аумақтық бөлімшелер мен ведомствоға қарасты ұйымдардың барлық қызметкерлеріне қолданылады.
3. Құпия емес іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу, хат-хабарды қабылдау, өңдеу мен бөлу, оның ішінде электрондық құжат айналымын жүргізу Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (бұдан әрі – НҚА туралы Заң), 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» (бұдан әрі – Әкім.рәсімдер туралы Заң), 2003 жылғы 7 қаңтардағы «Электрондық құжат айналымы мен электрондық цифрлық қолтаңба туралы», 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (бұдан әрі – Азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі Заң) заңдарының талаптарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осы Регламентте айқындалады.
Құпия емес іс жүргізуді ұйымдастыру мен жүргізу Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңына және Үкіметтің 2000 жылғы 14 наурыздағы № 390-16с қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі Нұсқаулыққа (бұдан әрі – Құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық) сәйкес жүзеге асырылады.
4. Министрліктің аппаратында ұзақтығы сегіз сағаттық жұмыс уақыты белгіленді, жұмыстың басталуы 9 сағат 00 минут, жұмыстың аяқталуы – 18 сағат 30 минут. Түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
2. Жұмысты жоспарлау
Полная версия