Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.01.2023
Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі көрсететін қызметтерді қоспағанда, осындай қызметтер құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1178 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 ақпанда № 12959 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.04.2019 жылғы № 203 Бұйрығына сәйкес (09.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрық 2023 жылғы 6 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 15.11.2022 жылғы № 437/НҚ Бұйрығына сәйкес 
Редакция 01.09.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
2015 жылғы 29 қазанындағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі 250-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі көрсететін қызметтерді қоспағанда, осындай қызметтер құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.04.2019 жылғы № 203 Бұйрығына сәйкес (09.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ осындай қызметтер құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 173 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11547 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді күнтізбелік он күн ішінде баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде оның 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
__________________ Б. Сұлтанов 
2015 жылғы 17 желтоқсан
 «КЕЛІСІЛГЕН»
 Қазақстан Республикасының
 Ұлттық экономика министрі
__________________ Е. Досаев
 201__ жылғы «_____» ________
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрінің 
міндетін атқарушы 
_______________ М. Құсайынов 
2015 жылғы 30 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің
 2015 жылғы 9 желтоқсандағы
 № 1178 бұйрығымен
 бекітілген
Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі көрсететін қызметтерді қоспағанда, осындай қызметтер құнын айқындау қағидалары
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.04.2019 жылғы № 203 Бұйрығына сәйкес (09.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 14.08.2020 жылғы № 296/НҚ Бұйрығына сәйкес (10.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі көрсететін қызметтерді қоспағанда, осындай қызметтер құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 250-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі көрсететін қызметтерді қоспағанда, осындай қызметтер құнын құнын айқындау тәртібін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.04.2019 жылғы № 203 Бұйрығына сәйкес (09.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi