«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктердің нысандарын және оларды беру (жою) қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 3-2/1079 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 10 ақпанда № 13035 болып тіркелді
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бірінші санаттағы сүтті және сүтті-етті тұқымды ірі қара малдың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес екінші санаттағы сүтті және сүтті-етті тұқымды ірі қара малдың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бірінші санаттағы етті тұқымды ірі қара малдың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес екінші санаттағы етті тұқымды ірі қара малдың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес сүтті және сүтті-етті тұқымды тұқымдық бұқа ұрығының асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес сүтті және сүтті-етті тұқымды ірі қара малдың эмбриондарының асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес етті тұқымды тұқымдық бұқа ұрығының асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес етті тұқымды ірі қара малдың эмбриондарының асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес биязы және биязылау жүнді тұқымды қойлардың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес ұяң жүнді және қылшық жүнді тұқымды қойлардың асыл тұқымдық куәлігінің (қаракөл және романов тұқымды қойлардан басқа) нысаны;
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес өнімділік бағыттағы жылқылардың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
Полная версия