Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.02.2021
"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 276 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 25 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 22 ақпанда № 13151 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 22 ақпаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.02.2021 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес   
1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 276 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11133 болып тіркеген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 маусымында жарияланған) мынадай өзгерiстер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Іздестіру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);»; 
4-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап:»;
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға мүмкіндігі бар;»;
1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) лицензия алған кезде Мемлекеттік корпорацияға:»;
2) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруіне, жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгеруіне, заңды тұлға-лицензиатты бірігу нысанында қайта ұйымдастыруға, заңды тұлға-лицензиатты қайта құру нысанында қайта ұйымдастыруға, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастыруға байланысты қайта ресімдеу кезінде Мемлекеттік корпорацияға:»;
3) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) санат берілуіне байланысты лицензияны қайта ресімдеу кезінде Мемлекеттік корпорацияға:»;
4) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыруға, заңды тұлға-лицензиатты бөліну нысанында қайта ұйымдастыруға байланысты, лицензияны қайта ресімдеу кезінде Мемлекеттік корпорацияға:»;
Полная версия
ИС BestProfi