Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.04.2018
Сервистік бағдарламалық өнімге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасына, мемлекеттік органның интернет-ресурсына және ақпараттық жүйеге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 63 бұйрығы.
 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 ақпанда № 13207 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 23 сәуірден бастап ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 14.03.2018 жылғы № 40/НҚ Бұйрығына сәйкес
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашдағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сервистік бағдарламалық өнімге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына, мемлекеттік органның интернет-ресурсына және ақпараттық жүйеге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Сервистік бағдарламалық өнімге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына, мемлекеттік органның интернет-ресурсына және ақпараттық жүйеге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. «Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды сынақтан өткізу, оларды және нормативтік құжаттаманы тіркеу, беру, сақтау, депозитке берудің толықтығын қамтамасыз ету және оларды тіркеу, депозитарийге беру мен сақтау туралы мәліметтерді ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 1 желтоқсандағы № 480 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5981 болып тіркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2010 жылғы 20 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің міндетін атқарушының
 2016 жылғы 26 қаңтардағы
 № 63 бұйрығына
 1-қосымша
Сервистік бағдарламалық өнімге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына, мемлекеттік органның
 интернет-ресурсына және ақпараттық жүйеге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу
 әдістемесі
1. Осы Сервистік бағдарламалық өнімге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына, мемлекеттік органның интернет-ресурсына және ақпараттық жүйені олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтан өткізуді жүргізу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасы заңының 7-бабы 16) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар және қысқартулар пайдаланылады:
1) ақпараттық қауіпсіздік функцияларын сынау – сервистік бағдарламалық өнімді, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын, мемлекеттік органның интернет-ресурсын және ақпараттық жүйені ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне бағалау;
Полная версия
ИС BestProfi