1. «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы
Внимание! Документ утратил силу с 11.01.2026
"Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 28 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 ақпанда № 13214 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2026 жылғы 11 қаңтардан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 23.12.2025 жылғы № 133 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
"Бұл ретте, ББӘ - мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ - мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір МИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған қосымша салалық сараптамалық қорытындыларын тиісті салалық орталық мемлекеттік органдар МИЖ-дің іске асырылуының жетекшілік ететін салаға ықпалын бағалау және саланың басымдықтарына сәйкестігі бөлігінде ғана ұсынады.";
«МИЖ инвестициялық ұсынысының, оның ішінде осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттардың әрбір парағын инвестициялық ұсынысты әзірлеу үшін жауапты ББӘ құрылымдық бөлімшесінің басшысы дәйектейді және Қазақстан Республикасының заңнамасында ресми құжаттар үшін белгіленген тәртіппен ресімделеді.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір МИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қояды.
Бір ББӘ-нің құзыретіне жатқызуға болмайтын, экономиканың әртүрлі салаларындағы жобаларды іске асыруды көздейтін, ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру жоспарланған МИЖ инвестициялық ұсынысы бойынша ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір МИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлғаның қолы қойылып ұсынылатын ақпараттық парақты, салалық сараптама қорытындысын қоспағанда, осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттар осы ұлттық холдингтердің, ұлттық басқарушы холдингтің және ұйымның бірінші басшыларының не оларды алмастыратын тұлғалардың қолы қойылып ұсынылады.»;
"Бұл ретте, ББӘ - мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ - мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған қосымша салалық сараптамалық қорытындыларын тиісті салалық орталық мемлекеттік органдар БИЖ-дің іске асырылуының жетекшілік ететін салаға ықпалын бағалау және саланың басымдықтарына сәйкестігі бөлігінде ғана ұсынады.";
«57. Салалық сараптаманың қорытындысына ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір МИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында ресми құжаттар үшін белгіленген тәртіппен ресімделеді.»;
«1) ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған тиісті салыстырма кестені қоса бере отырып, өзгеруі болжанатын техникалық шешімдер мен қосымша шығыстар көрсетілген ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған өтінім-хат;
2) мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған және Қазақстан Республикасының заңнамасында ресми құжаттар үшін белгіленген тәртіппен ресімделген, техникалық шешімдерді өзгертудің және қосымша шығыстар көздеудің орындылығын растайтын, тиісті саланың уәкілетті органының салалық сараптамасының қорытындысы;»;
3) ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған ресми хат нысанында ұсынылатын және техникалық шешімдерді өзгертудің болжанған параметрлерінің және қосымша шығыстарды көздеудің талап ететін негізділігі мен дұрыстығын растайтын жобаның ерекшелігіне байланысты тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қосымша салалық сараптама қорытындысы;";
Полная версия

