Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.07.2018
Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 134 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13258 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 31 шілдеден бастап ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 13.06.2018 жылғы № 263 Бұйрығына сәйкес
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабы 22) тармақшасына сәйкес,БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. "Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 200 бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6488 тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2010 жылғы 6 қарашада және "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 9 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне (Т.Б. Қазанғап):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген заңнама тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде онық көшірмелерін юаспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысы Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы
 Инвестиция және даму министрінің
 міндетін атқарушысының
 2016 жылғы 28 қаңтардағы
 № 134 бұйрығымен бекітілген
Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидалары 
1. Осы Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы 
Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 22) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің, сондай-ақ мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Ақпараттық жүйелердің аудиті ақпараттық жүйелердің, онда болып жатқан іс-қимылдармен оқиғалардың, техникалық регламенттерге, ақпараттандыру саласындағы стандарттарға, нормативті-техникалық құжаттамаға және (немесе) тапсырыс берушінің талаптарына, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік деңгейін айқындайтын ағымдағы жай-күйін бағалау мақсатында жүзеге асырылады.
3. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық жүйелердің аудиті – ақпараттық жүйенің қолданылу тиімділігін артыру мақсатында оны тәуелсіз зерттеу;
Полная версия
ИС BestProfi