Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 28.06.2022
Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту және «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2022 жылғы 28 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 24.06.2022 жылғы № 429 Қаулысына сәйкес
Редакция 14.07.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1196 қаулысымен
бекітілген
Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидалары
1. Осы Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 22-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) кәсіпкерлік субъектілері – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, қандастар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері);
2) кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері – кәсіпкерлік субъектілері өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің ортақ мүдделерін білдіру және қорғау мақсатында құратын қауымдастықтар (одақтар);
3) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалар;
4) қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шара – Қазақстан Республикасынан шыққан импортқа қатысты үшінші тарап енгізетін және ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қозғайтын шара;
5) мемлекеттік органдар – Қазақстан Республикасының орталық атқарушы мемлекеттік органдары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;
6) сауда шарасы – арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы шаралары;
7) тергеп-тексеру – Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды енгізу алдында тергеп-тексеру жүргізетін үшінші тараптың құзыретті органы жүзеге асыратын рәсім;
8) тергеп-тексеру материалдары – тергеп-тексеру шеңберінде қабылданатын шешімдер туралы хабарламалар, өндірушінің немесе өндірушілердің өтініші, үшінші тараптың құзыретті органының сауалнамасы (сұрау салулары), тергеп-тексеру нәтижелері бойынша дайындалған баяндама және тергеп-тексерулер шеңберінде сұратылатын және (немесе) ұсынылатын басқа да ақпарат;
Полная версия
ИС BestProfi