Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.10.2022
Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 77 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 3 наурызда № 13384 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2022 жылғы 17 қазаннан бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2022 жылғы № ҚР ДСМ-107 Бұйрығына сәйкес

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.12.2018 жылғы № ҚР ДСМ-39 Бұйрығына сәйкес (02.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 19.01.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  
1. Қоса беріліп отырған Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.12.2018 жылғы № ҚР ДСМ-39 Бұйрығына сәйкес (02.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күннің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін. 
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау
 және әлеуметтік даму министрінің
 2016 жылғы 2 ақпандағы
 № 77 бұйрығымен
 бекітілген
Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
Осы Стандарт өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.12.2018 жылғы № ҚР ДСМ-39 Бұйрығымен (02.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Стандар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.01.2020 жылғы № ҚР ДСМ-158 Бұйрығына сәйкес (13.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының  6) тармақшасына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және Стандарт туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Стандартта мынадай ұғымдар пайдалыналады:
1) АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы;
2) бейінді маман – клиникалық бейiндегi белгiлi бiр мамандық бойынша сертификаты бар, жоғары медициналық бiлiмдi медицина қызметкерi;
3) консилиум – кемінде үш дәрігердің қатысуымен диагноз қою, емдеу тактикасын айқындау және ауруды болжау мақсатында адамды зерттеу;
Полная версия
ИС BestProfi