Близость слов: Окончание:





Қаржы мониторингі жөніндегі органдардың жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеп-тексеру қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 689 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12756 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (26.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 10.03.2023 жылғы № 2 Бұйрығына сәйкес (19.02.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 24.11.2025 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес (10.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 07.12.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 24.11.2025 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес (10.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (26.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 10.03.2023 жылғы № 2 Бұйрығына сәйкес (19.02.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті(Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Бас Прокуроры 
1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі 
______________А. Дауылбаев 
2015 жылғы « » ________
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрі 
______________Қ. Қасымов 
2015 жылғы 28 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму министрі 
_______________Ә. Исекешев 
2015 жылғы « » ________
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2015 жылғы 26 желтоқсандағы
 № 689 бұйрығымен бекітілген
Қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығымен (26.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 10.03.2023 жылғы № 2 Бұйрығына сәйкес (19.02.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 128, 131-баптары негізінде және тәртібінде ұсталған, қылмыстың жасалуына сезікті, сондай-ақ ҚР ҚПК 147-бабының негізінде сот қамауға алуға санкция берген, қылмыстың жасалуына айыпты ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды (бұдан әрі – ұсталғандар және күзетпен қамауға алынған адамдар) айдауылмен алып жүру тәртібін айқындайды.
2. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру бойынша міндеттерді орындау үшін экономикалық тергеп-тексеру қызметінде Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) төрағасының (оны алмастыратын тұлғаның) бұйрығымен, ал Агенттіктің аумақтық органдарында (бұдан әрі – ЭТД) басшының (оны алмастыратын тұлғаның) бұйрығымен жедел бөлімшелер қызметкерлерінен айдауылмен алып жүру топтары құрылады.
3. Айдауылшының міндетіне ұсталғандар мен күзетпен қамауға алынған адамдарды (бұдан әрi - күдіктілер мен айыпталушылар):
1) уақытша ұстау изоляторларына (бұдан әрі – УҰИ) және тергеу изоляторларына (бұдан әрі – ТИ) айдауылмен алып жүру;
Полная версия
ИС BestProfi