«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 22.02.2021
"Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 2 наурыздағы № 120 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 наурызда № 13447 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 22 ақпаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.02.2021 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес
Редакция 02.12.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған «Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жриялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 2 наурыздағы № 120 бұйрығымен бекітілді
«Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.11.2019 жылғы № 841 Бұйрығына сәйкес (02.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 75 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тізілімінде № 13211 болып тіркелген) «Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) беру не стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінішпен қоса берілген құжаттарды беруі мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету рәсімінің (әрекетінің) басталуына негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінішті түскен күні 9:00-ден 17:00 сағат ішінде тіркеуді жүзеге асырып көрсетілетін қызмет берушінің басшысына береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады, өтініш тіркелгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыны айқындайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінішті тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын тексереді.
Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған кезде осы тармақшада көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту ресімделеді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыруы 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
5) құжаттарды тексерудің нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы электрондық нысанда куәліктер не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және басшының қол қоюына жібереді – 1 (бір) жұмыс күнінен аспайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы электрондық нысанда куәліктерге не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – жауапты орындаушыдан түскен күні 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
өтінішті тіркеу;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысының жауапты орындаушыны айқындауы;
құжаттарды тексеруді жүзеге асыру;
куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы куәлік не дәлелді жауап дайындау;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының куәлікке не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері:
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті түскен күні 9:00-ден 17:00 сағат ішінде тіркеуді жүзеге асырады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады, өтініш тіркелгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыны айқындайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 6 (алты) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының рұқсат беру талаптарына сәйкестігі не сәйкес еместігі тұрғысынан құжаттарды тексеруді жүзеге асырады;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы куәлік не электрондық нысанда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және басшының қол қоюына жібереді – 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды;
5) құжаттарды тексерудің нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы электрондық нысанда куәліктер не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және басшының қол қоюына жібереді – 1 (бір) жұмыс күнінен аспайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы электрондық нысанда куәліктерге не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – жауапты орындаушыдан түскен күні 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
«Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
«Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
– мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы; |
|
– көрсетілетін қызметті берушінің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімінің (іс-қимылының) атауы; |
|
– келесі рәсімге (іс-қимылға) өту. |
Полная версия