«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.08.2017
Қазақстан Республикасы әділет органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 9 наурыздағы № 115 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 11 наурызда № 13439 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 1 тамыздан бастап ҚР Әділет министрінің 22.06.2017 жылғы № 777 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы әділет органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 316 «Қазақстан Республикасы әділет органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жылсайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11355 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 қазанда жарияланған).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы Д.А.Айтмухаметовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрі Б. Имашев
Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2016 жылғы 9 наурыздағы № 115 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы әділет органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы әділет органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және әділет органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.
2. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.
3. Бағалау «Б» корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:
1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кешіктірілмей өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);
2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.
«Б» корпусының қызметшісін бағалау кезеңінде лауазымда болу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда өткізілмейді.
Әлеуметтік демалыстағы «Б» корпусының қызметшілері бағалауды жұмысқа шыққаннан кейін осы Әдістеменің осы тармағында көрсетілген мерзімде өтеді.
Полная версия