Близость слов: Окончание:





"Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу туралы өтініштердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 11 тамыздағы № 180 және "Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 64 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 243 бұйрығы
1. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу туралы өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 11 тамыздағы № 180 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6497 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2010 жылғы 7 қазандағы № 264 (26325) жарияланған);
2) «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 64 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10355 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған). 
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап): 
1) осы бұйрықты бір апта мерзімінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
Полная версия
ИС BestProfi