1. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10905 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 30.07.2016
"Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 216 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 21 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 10 наурызда № 13432 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Энергетика министрінің м.а. 30.07.2016 жылғы № 363 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
2-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. Школьник
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________Е. Досаев 2016 жылғы 8 ақпан
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 21 бұйрығына қосымша
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларына 2-қосымша
нысан
_____________________________________________________________________
(парниктік газдар шығарындыларына сертификат беретін органның атауы)
Парниктік газдар шығарындыларына СЕРТИФИКАТ
Осы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 94-3-бабына сәйкес
берілген сертификат _________________________________________________
(қондырғы операторының атауы)
БСН _________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(заңды мекенжайы)
Өндірістік объектінің (қондырғының) атауы ___________________________
Төмендегі қызмет түрлері бойынша ____________________________________
(қызмет түрлері көрсетіледі)
парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі оның міндеттемелерін
орындау және Квота бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес көміртегі
бірліктерін саудалауға қатысу мақсатында парниктік газдар
шығарындыларына __________________ жылдарға ___________________ тонна
мөлшерінде рұқсат алғандығын куәландырады.
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 94-4-бабының
1-тармағына сәйкес қосымша квота көлемі:
есептік кезеңге.
Сертификатты тапсыру мерзімі: 20 ___ жылғы « » ________ дейін.
Тәуелсіз аккредиттелген ұйыммен расталған Қазақстан
Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы
28 шілдедегі № 502 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық
актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11818 тіркелген) парниктік
газдарды түгендеу туралы есептің нысандарына сәйкес парниктік газдар
шығарындыларын түгендеу туралы есеп есепті жылдан кейінгі жылдың 1
сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынылады.
Мониторинг _________________________________ сәйкес жүргізіледі
(Қондырғыға қолданылатын мониторинг стандарттарын көрсете отырып,
мониторинг талаптары (қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті
орган бекіткен әдістемелер))
Басшы (уәкілетті адам) ________________________________________
(қолы) (Т.А.Ә.(оның болған жағдайда)
М.Ө.
___________________ қаласы Берілген ___________________________
Полная версия