Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.09.2020
"Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 619 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 8 ақпандағы № 166 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 наурызда № 13416 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес 
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 619 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11630 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;»;
«4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;
«10. Мемлекеттік корпорацияға жүгiну тәртiбiнің, көрсетiлетiн қызметті алушының өтiнiшiн өңдеу ұзақтығының сипаттамасы:
1) Мемлекеттік корпорацияға жүгiну тәртiбiнің сипаттамасы:
1-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің АЖ) логин мен парольді (авторизациялау процесі) енгізеді;
2-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішке қол қойған тұлғаның жеке басын сәйкестендіреді;
3-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, мемлекеттік қызмет көрсету үшiн сұрау нысанын экранға шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетiлетін қызметті алушының деректерiн енгiзуі;
4-рәсiм – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің электрондық үкiмет шлюзi (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы көрсетiлетін қызметті алушының деректерi туралы сұрауды «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк деректер базасына (бұдан әрі - ЖТ МДБ) немесе «Заңды тұлғалар» мемлекеттiк деректер базасына (бұдан әрі - ЗТ МДБ) жiберуі;
1-шарт – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЖТ МДҚ/ЗТ МДБ-да бар болуын тексеру;
5-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЖТ МДҚ/ЗТ МДБ-да жоқ болуына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алады;
2-шарт – өтініштің дұрыс толтырылуы және мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің АЖ тізбесіне сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығы;
7-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкерiнің құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беруі.
Полная версия
ИС BestProfi