Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 наурызда № 13468 болып тіркелді
«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 01.02.2022 жылғы № 35 Бұйрығына сәйкес (21.05.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Пайдаланушы ұйым персоналының аттестаттаудан өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 82 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10551 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 cәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 жылғы № 215 Бұйрығымен (20.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (16.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 12.02.2019 жылғы № 43 Бұйрығымен (28.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 07.11.2019 жылғы № 358 Бұйрығымен (12.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (07.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді және және атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.01.2021 жылғы № 21 Бұйрығына сәйкес (01.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 жылғы № 175 Бұйрығына сәйкес (21.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персонал Заңның 21-бабының 1-тармағына сәйкес оның біліктілігі мен кәсіптік даярлығы деңгейінің атқаратын лауазымына сәйкестігін айқындау тұрғысынан аттестаттаудан өтеді.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 жылғы № 175 Бұйрығына сәйкес (21.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)