Близость слов: Окончание:





Құқықтық актілер туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Заңы
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 31.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 20.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, қабылдау, тіркеу, қолданысқа енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру және оларды жариялау тәртібіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) әзірлеуші орган – Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және басқа да нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзыретіне сәйкес нормативтік құқықтық актілерді әзірлейтін мемлекеттік органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар;
1-1) ғылыми құқықтық сараптама – ғылыми құқықтық сараптама объектілерін олардың сапасын, негізділігін, жобаның ғылыми пысықталуын бағалау, оны қабылдаудың ықтимал жағымсыз әлеуметтік және құқықтық салдарларын айқындау, ұсынылатын нормалардың құқық жүйесі мен заңнама жүйесіне сәйкестігі бөлігінде тәуелсіз кәсіби сараптамалық талдау;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.03.2021 жылғы № 15-VII Заңына сәйкес (өзгерту 26.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2) ғылыми құқықтық сарапшы – ғылыми құқықтық сарапшылар тізілімінде тұрған жеке тұлға;
1-бап 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.03.2021 жылғы № 15-VII Заңына сәйкес (өзгерту 26.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-3) ғылыми құқықтық сарапшылар тізілімі – ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге тартылатын ғылыми құқықтық сарапшылар тізімі;
1-бап 1-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.03.2021 жылғы № 15-VII Заңына сәйкес (өзгерту 26.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-4) «Е-заңнама» ақпараттық жүйесі – Қазақстан Республикасының заңнамасына талдау (мониторинг) жүргізуге, сондай-ақ норма шығарудың жекелеген процестерін автоматтандыруға арналған бірыңғай құқықтық жүйе;
1-бап 1-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.03.2021 жылғы № 15-VII Заңына сәйкес (өзгерту 26.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) ереже – қандай да бір мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;
3) жеке қолданылатын құқықтық акт – уәкілетті органның өкілеттігін іске асыратын, құқық нормаларын қамтымайтын әрі жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін іске асыруға байланысты емес оның жазбаша ресми құжаты;
3-тармақша алынып тасталды ҚР 21.01.2019 жылғы № 217-VІ Заңына сәйкес (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.06.2020 жылғы № 351-VI Заңына сәйкес (03.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) заң – аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген негізге алынатын қағидаттар мен нормаларды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
5) заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлер – заңнамалық және сатысы бойынша өзге де жоғары тұрған нормативтiк құқықтық актiлердің негiзiнде және (немесе) оларды орындау үшін және (немесе) одан әрі іске асыру үшін шығарылатын, заңнамалық актілер болып табылмайтын өзге де нормативтiк құқықтық актiлер;
6) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.03.2021 жылғы № 15-VII Заңына сәйкес (03.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақша алынып тасталды ҚР 05.11.2022 № 157- VII ҚРЗ Заңына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2023 жылдан бастап)
6-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.03.2021 жылғы № 15-VII Заңына сәйкес (өзгерту 26.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-1-тармақша алынып тасталды ҚР 05.11.2022 № 157- VII ҚРЗ Заңына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2023 жылдан бастап)
7) заңнамалық акт – Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң, конституциялық заң, кодекс, шоғырландырылған заң, заң, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжiлiсiнің қаулылары;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.07.2017 жылғы № 91-VI Заңына сәйкес (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (28512) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7-тармақша өзгертілді ҚР 05.11.2022 № 157- VII ҚРЗ Заңымен (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2023 жылдан бастап)
8) заң сараптамасы – нормативтік құқықтық актінің жобасын не қабылданған нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына, заң техникасына сәйкестігі тұрғысынан тексеру;
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.03.2021 жылғы № 15-VII Заңына сәйкес (03.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi