Близость слов: Окончание:





Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V Заңы
Құжат мәтініндегі «тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың)», «тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың)», «тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы)», «тұрғын үй (тұрғын ғимарат)», «тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар)», «Тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды)», «Тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың)», «Тұрғын үй (тұрғын ғимарат)», «тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты)», «Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың)», «тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды)», «тұрғын үйден (тұрғын ғимараттан)», «Тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы)», «тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттардағы)» сөздері «көппәтерлі тұрғын үйлердің», «көппәтерлі тұрғын үйдің», «көппәтерлі тұрғын үйдегі», «көппәтерлі тұрғын үй», «көппәтерлі тұрғын үйлер», «Көппәтерлі тұрғын үйлерді», «Көппәтерлі тұрғын үйлердің», «Көппәтерлі тұрғын үй», «көппәтерлі тұрғын үйді», «Көппәтерлі тұрғын үйдің», «көппәтерлі тұрғын үйлерді», «көппәтерлі тұрғын үйден», «Көппәтерлі тұрғын үйдегі», «көппәтерлі тұрғын үйлердегі»  сөздерімен, «тұрғын немесе тұрғын емес үй-жай», «тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайларын», «тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайларды»сөздері «пәтер немесе тұрғын емес үй-жай», «пәтерлерді немесе тұрғын емес үй-жайларды», «пәтерлерді және (немесе) тұрғын емес үй-жайларды» сөздерімен ауыстырылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Құжат мәтініндегі «құрылысына кепілдік беру қорының», «құрылысына кепілдік беру қорында», «құрылысына кепілдік беру қорына», «құрылысына кепілдік беру қоры», «Кепілдік беру қоры», «Кепілдік беру қорын», «Кепілдік беру қорынан», «Кепілдік беру қорының», «Кепілдік беру қорына», «Кепілдік беру қорымен», «Кепілдік беру қорында» деген сөздер тиісінше «құрылысының бірыңғай операторының», «құрылысының бірыңғай операторында», «құрылысының бірыңғай операторына», «құрылысының бірыңғай операторы», «Бірыңғай оператор», «Бірыңғай операторды», «Бірыңғай оператордан», «Бірыңғай оператордың», «Бірыңғай операторға», «Бірыңғай оператормен», «Бірыңғай операторда» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 09.06.2020 жылғы № 341-VI Заңына сәйкес (27.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 01.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу жөніндегі қызметке байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау кепiлдiктерiн белгiлейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1) кепілдік – Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдік беру жағдайы туындаған кезде көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтауды ұйымдастыру және үлескерлерге тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша көппәтерлі тұрғын үйдегі үлестерін беру жөніндегі міндеттемесі;
2) кепілдік беру жағдайы – олар басталған кезде Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторында көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жөніндегі міндеттеме және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға кепілдік беру туралы шарт бойынша үлескерлердің алдында жауапкершілік туындайтын, осы Заңда айқындалған жағдай немесе жағдайлар жиынтығы;
3) кепілдік жарна – уәкілетті компанияның тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға кепілдік беру туралы шарт бойынша Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторына төлейтін ақша сомасы;
4) кепілдік мерзімі – көппәтерлі тұрғын үй құрылысы объектілерінің Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес белгіленген пайдалану мерзімі, осы мерзім ішінде құрылыс салушы, уәкілетті компания және мердігер (бас мердігер) жобалау-сметалық құжаттамаға және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес салынған және пайдалануға берілген көппәтерлі тұрғын үй көрсеткіштерінің сапасын сақтауға кепілдік береді;
4-тармақша өзгертілді ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңымен (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) кідірту талабы – кепілдік беру жағдайы туындаған кезде тараптарда талаптар қоюдың басталуымен уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқару шарты бойынша құқықтар мен міндеттер туындайтын талап немесе талаптар жиынтығы;
6) көппәтерлі тұрғын үйдегі үлес – тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты орындау үшін салынған көппәтерлі тұрғын үйдің құрамына кіретін, үлескерге берілетін пәтер немесе тұрғын емес үй-жай;
7) көппәтерлі тұрғын үйдің жобалау құны (бұдан әрі – жобалау құны) – құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны, жобаны басқаруға, авторлық және техникалық қадағалауға жұмсалатын шығындар, қарыздар бойынша сыйақы және осы Заңда көзделген өзге де шығыстар;
8) көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы – ауырлық пен әсерді көтеріп тұратын, көппәтерлі тұрғын үйдің беріктігін, қаттылығын және орнықтылығын қамтамасыз ететін, тірек конструкциялары, жабын және төсем конструкциялары бар, тірек жүйе (тіреуіш);
9) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-тармақша алынып тасталды ҚР 09.06.2020 жылғы № 341-VI Заңына сәйкес (27.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу – тараптардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа негізделген қатынастары;
11) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға кепілдік беру туралы шарт (бұдан әрі – кепілдік беру туралы шарт) – Бірыңғай оператор, құрылыс салушы және уәкілетті компания арасында осы Заңда айқындалатын тәртіппен және талаптармен жасалатын шарт;
12) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға қатысушылар – құрылыс салушы, уәкілетті компания, мердігер (бас мердігер), екінші деңгейдегі банк, инжинирингтік компания, Бірыңғай оператор және үлескер;
13) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы  инжинирингтiк компания (бұдан әрі – инжинирингтік компания) – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген және осы Заңның талаптарына сәйкес келетін заңды тұлға;
14) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында, оның ішінде көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы барысына мониторинг бойынша және көппәтерлі тұрғын үйдің  құрылысына бағытталған ақшаның нысаналы жұмсалуына бақылау жасау бойынша инжинирингтік көрсетілетін қызметтер кешені;
15) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құрылыс салушы (бұдан әрі – құрылыс салушы) – уәкілетті компанияның жарғылық капиталына қатысу арқылы, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын үй құрылысына  үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті өзінің меншікті және (немесе) тартылған ақшасы есебінен жүзеге асыратын заңды тұлға;
Полная версия
ИС BestProfi