Осы Кодекс неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарын реттеудің мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын және құқықтық негіздерін айқындайды, отбасының дамуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты ретінде айқындай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі
Осы Заңда бүкіл мәтін бойынша «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйе», «ақпараттық жүйесіндегі», «ақпараттық жүйесіне», «ақпараттық жүйесімен», «ақпараттық жүйелер», «ақпараттық жүйесінде» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйе», «цифрлық жүйесіндегі», «цифрлық жүйесіне», «цифрлық жүйесімен», «цифрлық жүйелер», «цифрлық жүйесінде» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (02.01.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 12.06.2026 жылғы № 309-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 13.08.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 24.06.2026 жылғы № 325-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 25.08.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 26.07.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕКЕ-ОТБАСЫ ЗАҢНАМАСЫ
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтық хал актілері – адамды дараландыратын және оның құқықтары мен міндеттерінің туындауымен, болуымен және тоқтатылуымен байланысты болатын заңдық тұрғыдан ресімделген мән-жайлар;
2) азаматтық хал актілерін тіркеу органы (бұдан әрі – тіркеуші орган) – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлерін жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;
2-тармақша өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (05.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 14.07.2022 № 141-VII Заңына сәйкес (27.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1) азаматтық хал актілерінің цифрлық жүйесі – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізуге, азаматтық хал актілерінің күшін жоюға және оларды қалпына келтіруге арналған, сондай-ақ жеке тұлғалардың дербес деректерін құрайтын мәліметтерді қамтитын цифрлық жүйе;
1-тармақ 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңына сәйкес (өзгерту 26.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) аккредиттеу – Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының бала асырап алу жөніндегі агенттіктердің және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдардың өз қызметін жүзеге асыру құқығын ресми тануы;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.12.2019 № 292-VІ Заңына сәйкес (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) алименттер – бір адам оны алуға құқығы бар екінші адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат;
5) ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған бала (балалар) – ата-ана құқықтарының шектелуi не немесе олардан айрылуына, хабарсыз кеткен деп танылуына, қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабi летсi з немесе әрекет қабi летi шектелген деп танылуына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi не, бала тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерi н қорғаудан жалтаруына, оның ішінде баланы тәрбиелеу немесе медициналық ұйымнан алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқоршылығы болмаған және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өз құқықтары мен мүдделерінің қажетті қорғалуын қамтамасыз етуге мұқтаж болған өзге де жағдайларда жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынан айрылған бала (балалар);
6) ата-анасы бас тартқан бала (ата-анасы бас тартқан балалар) – тиісті заңды құжаттарды ресімдеу жолымен оны одан әрі тәрбиелеуден, оқытудан, материалдық қамтамасыз етуден ата-аналары (ата-анасы) бас тартқан бала;
7) әке болуды анықтау - баланың анасымен некеге тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) адамның балаға қатысты әке болуын тіркеуші органның анықтауы не сот тәртібімен анықтау;
8) бала (балалар) – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
9) бала асырап алу - нәтижесінде шығу тегі бойынша туыстарының құқықтары мен міндеттеріне теңестірілетін жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар мен міндеттер туындайтын сот шешімі негізінде баланы (балаларды) отбасына тәрбиелеуге берудің құқықтық нысаны;
10) бала асырап алу жөніндегі агенттіктер - өз мемлекетінің аумағында балаларды асырап алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және осы Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында осындай қызметті жүзеге асыру үшін аккредиттелген коммерциялық емес шетелдік ұйымдар;
10-1) бала қонақтайтын отбасы – барлық үлгідегі ұйымдардағы (білім беру, медициналық және басқалар), жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды білім беру процесіне байланысты емес кезеңдерде (каникулдар, демалыс және мереке күндері) тәрбиелеуге уақытша қабылдаған отбасы;
1-тармақ 10-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 501-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2016 жылы № 76 (28804) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия

