Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2016 жылғы 19 сәуірдегі
 № 234 қаулысымен
 бекітілген
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидалары
Қағидалар тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысына сәйкес (31.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 523 Қаулысына сәйкес (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 25.08.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Мемлекеттік гранттар беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру шарттары мен тетігін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысына сәйкес (31.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 523 Қаулысына сәйкес (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)
2. Мемлекеттік гранттар беру «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 523 Қаулысына сәйкес (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)
3. Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында және Қазақстан Республикасы Президентінің  2016 жылғы 6 қыркүйектегі № 315 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған өңдеуші өнеркәсіп салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз негізде беріледі.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.06.2017 жылғы № 373 Қаулысына сәйкес (19.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысына сәйкес (31.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-1. Мемлекеттік гранттар бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бизнес-инкубаторлардың резиденттеріне өтеусіз негізде жаңа немесе айтарлықтай жақсартылған өнімді (тауар, көрсетілетін қызмет) шығару немесе бизнес-процесті қалыптастыру үшін беріледі.
Қағидалар 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға мемлекеттік гранттар салалық шектеусіз беріледі.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысына сәйкес (31.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5. Мемлекеттік гранттарды мемлекет Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі арқылы мемлекеттік гранттар алуға шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша береді. Бұл ретте мыналар мемлекеттік грант алу  конкурсына қатысу үшін міндетті шарт болып табылады:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысына сәйкес (31.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін –  Бағдарлама шеңберінде  оқыту құрамдауыштары сертификатының болуы;
2) бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобалар үшін бизнес-инкубатордың резиденті болу, Бағдарламаны іске асыруға қатысу үшін конкурстық іріктеуден өткен, бизнес-инкубатормен әріптестік келісім жасасқан заңды тұлға – шағын кәсіпкерлік субъектісі.
Шағын кәсіпкерлік субъектісінің бизнес-инкубаторда орналасу мерзімі оны бизнес-инкубатордың резиденті болып айқындаған сәттен бастап үш жылдан аспауы тиіс.
6. Қаржы агенттігінің және ұлттық институттың көрсетілетін қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражатының есебінен ақы төлейді.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысына сәйкес (31.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7. Мемлекеттік гранттар беру үшін көзделген қаражатты уәкілетті орган Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне республикалық және жергілікті бюджет қаражатынан аударады.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.06.2017 жылғы № 373 Қаулысына сәйкес (19.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысына сәйкес (31.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
8. Гранттар нысанында қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.06.2017 жылғы № 373 Қаулысына сәйкес (19.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысына сәйкес (31.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) бизнес-инкубатор – өндірістік үй-жайларды, жабдықтарды, ұйымдастырушылық, құқықтық, қаржылық, консалтингтік және ақпараттық қызметтерді ұсыну арқылы Бағдарламаны іске асыруға қатысу үшін конкурстық іріктеуден өткен шағын кәсіпкерлік субъектілерін олардың қалыптасу кезеңінде қолдау үшін құрылған заңды тұлға;
2) бизнес-жоба – кәсіпкердің өз бизнесін құру (тауарлар шығару, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) мүмкіндігін ашатын, сипаттау, есептеу, болжамдар нысанында орындалған, сондай-ақ ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы деңгейінде кәсіпкердің өз қаражатынан (ақшалай қаражатынан, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінен) қоса қаржыландыруының және жаңа жұмыс орындарын құруының мерзімдерін қамтитын жоспары;
Полная версия
ИС BestProfi