Близость слов: Окончание:





Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін)  бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 255 қаулысы  
Редакция 30.10.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мақта талшығына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К.МӘСІМОВ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 29 сәуірдегі № 255 қаулысымен бекітілген
Мақта талшығына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі)
1. Осы Мақта талшығына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) (бұдан әрі – Қағидалар) «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мақта талшығына арналған мәмілелердің (өткізудің) бағасын айқындау (есептеу) тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидалар оның 7-9-тармақтарында көрсетілген елдерге мақта талшығын жеткізуге қолданылады. Басқа жағдайларда салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді түзету «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер және анықтамалар:
1) агент – мақта талшығын сатып алушыны іздеу жөніндегі делдалдық қызметтерді жүзеге асыратын трейдер агенті;
2) ақпарат көзінен алынған баға – Қағидаларда айқындалған ақпарат көзінен алынған мақта талшығының бағасы;
3) ақпарат көзінің қолданылу өңірі (бұдан әрі – АКҚӨ) – осы ақпарат көзінен алынған деректерге қарай мақта талшығына нарықтық баға белгіленетін географиялық аумақ;
4) алдын ала төлем – жеткізілетін тауардың төлемі оны жеткізу сәтіне дейін жүргізілетін форвардтық келісімшарт талаптары;
5) базалық порт – тиісті АКҚӨ үшін жүкті ауыстырып тиеудің немесе межелі базалық порт;
6) базалық станция – тиісті АКҚӨ үшін жүкті ауыстырып тиеу, өткізу немесе межелі базалық теміржол станциясы;
7) жол берілетін ауытқу – мәміле бағасының нарықтық бағадан жол берілетін ауытқуы;
8) қысқа мерзімді келісімшарт – 50 пайыздан кем алдын ала төлемді алу шартымен мақта талшығын экспорттаушымен жасалған және (немесе) қолданылу мерзімі 3 айдан кем болатын келісімшарт;
Полная версия
ИС BestProfi