«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 14) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 09.03.2021 жылғы № 532 Жарлығына сәйкес (25.04.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.09.2021 жылғы № 661 Жарлығына сәйкес (09.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 10.04.2025 жылғы № 838 Жарлығына сәйкес (18.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.09.2021 жылғы № 661 Жарлығына сәйкес (09.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысы (бұдан әрі – Жарғы) Қазақстан Республикасының консулдық қызметінің құқықтық негіздерін, Қазақстан Республикасының консулдық лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының, Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 10.04.2025 жылғы № 838 Жарлығына сәйкес (18.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)
2) консулдық архив – құжаттар, хат-хабарлар, аудио және бейнематериалдар, электрондық ақпарат тасымалдағыштар, кітаптар, журналдар, тізілімдер, картотекалар, шифрлар, кодтар, мөрлер, мөртаңбалар және консулдық функцияларды орындауға арналған өзге де заттар;
3) консулдық мекеме – белгілі бір консулдық округтің шегінде Қазақстан Республикасының атынан консулдық функцияларды орындайтын Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі;
5) консулдық мекеменің сыныбы – Қазақстан Республикасы болу мемлекетіндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси маңызына және орналасқан жеріне байланысты болу мемлекетімен келісу бойынша айқындайтын консулдық мекеменің мәртебесі;
6) консулдық округ – консулдық функцияларды орындау үшін Қазақстан Республикасының консулдық мекемесіне (бұдан әрі – консулдық мекеме) бөліп берілген аумақ;
7) Қазақстан Республикасының консулдық лауазымды адамы (бұдан әрі – консул) – консулдық округтің шегінде Қазақстан Республикасының атынан консулдық функцияларды орындайтын Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің қызметкері;