Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.09.2023
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық орнықтылығының кейбір мәселелері туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 274 қаулысы   
Осы Қаулы 2023 жылғы 12 қыркүйектен бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2023 жылғы № 731 Қаулысына сәйкес 
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (бұдан әрі — қор) қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін норма мен лимит есепті айдан кейінгі айдың басына қордың банктік шотындағы ақшаның инвестицияланбайтын ай сайынғы қалдығы түрінде қорға соңғы күнтізбелік он екі айда түскен соманың 1/12 мөлшерінде, бірақ 50000000000 (елу миллиард) теңгеден төмен емес болып белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ
Полная версия
ИС BestProfi