Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері және білім беру ұйымының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 28 наурыздағы № 50 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 сәуірде № 13662 болып тіркелді
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12705 болып тіркелген) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері және білім беру ұйымының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау Әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 108 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12157 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры А. Дауылбаев   
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы 28 наурыздағы
№ 50 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі 
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12705 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) жұмысын бағалау әдістемелерін айқындайды. 
2. Қызметшілердің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.
3. Бағалау қызметшінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:
1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);
2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.
Қызметшіні бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда өткізілмейді.
Әлеуметтік демалыстағы қызметшілер бағалауды жұмысқа шыққаннан кейін осы Әдістеменің осы тармағында көрсетілген мерзімде өтеді.
Полная версия
ИС BestProfi