Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.11.2020
Кредиттік серіктестіктерге арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі № 161 бұйрығы.
 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 мамырда № 13688 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 15 қарашадан бастап ҚР Қаржы министрінің 24.09.2020 жылғы № 915 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 10.11.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған кредиттік серіктестіктерге арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Б.Ш. Тәжіяқов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов 
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 5 сәуірдегі
№ 161 бұйрығымен
бекітілген
Кредиттік серіктестіктерге арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы
1 – тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 жылғы № 658 Бұйрығына сәйкес (05.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Кредиттік серіктестіктерге арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (бұдан әрі – ФАТФ) халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленген.
2. Осы Талаптарда қаржы мониторингінің субъектілеріне кредиттік серіктестер (бұдан әрі – Субъектілер) жатады.
3. Егер Талаптарда өзгеше көзделмесе, онда Талаптарда қолданылған ұғымдар Заңда және «Кредиттік серіктестіктер туралы» 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағынада пайдаланылады.
4. Талаптар мақсатында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 жылғы № 658 Бұйрығымен (05.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) клиент – Субъектілердің қызметтерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
Полная версия
ИС BestProfi