«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 15.05.2018
"Экспорттаушы 2020" және "Өнімділік 2020" бағдарламалары шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 839 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 309 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 мамырда № 13687 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 15 мамырдан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 26 Бұйрығына сәйкес
1. «Экспорттаушы 2020» және «Өнімділік 2020» бағдарламалары шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 839 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12060 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толылықтыру енгізілсін:
«Отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту мен жылжытуға және еңбек өнімділігін арттыруды қолдауға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»;
«7) «Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптама жасау шығындарын өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйырыққа 7-қосымшаға сәйкес.»;
осы бұйырықпен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жасау үшін шығындардың бір бөлігін төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
«Индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін шығындардың орнын толтыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты»;
«1. Индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін шығындардың орнын толтыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).»;
«3. Мемлекеттік қызметті «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) және кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – КҚКО) көрсетеді.
Мемлекеттік кызмет көрсету өтініштерін қабылдау көрсетілетін қызметті беруші немесе КҚКО арқылы жүзеге асырылады, нәтижелерді беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.»;
«6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – шығындардың орнын толтыру жөніндегі келісім.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз жүзінде.
7. «Мемлекеттік қызмет заңды тұлғалар - индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.»;
Полная версия