Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.12.2018
«Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2018 жылғы № 895 Қаулысына сәйкес
Редакция 01.09.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 958-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақ:
1-тармақтың екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтары осы қаулының 2-тармағына сәйкес 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-2) негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
2-3) жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:
1-тармақтың жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші абзацтары осы қаулының 2-тармағына сәйкес 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
«25. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 3-4-сыныптарда «Дүниетану» оқу курсының шеңберінде: 3-сыныпта жылдық оқу жүктемесі 6 сағат, 4-сыныпта – 10 сағат бастауыш сынып мұғалімдерінің оқытуымен іске асырылады; 6, 8, 9-сыныптарда «Дене шынықтыру» оқу курсының шеңберінде жылдық оқу жүктемесі 15 сағаттан дене шынықтыру мұғалімдерінің оқытуымен іске асырылады; 10-11-сыныптарда «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының шеңберінде 25 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының оқытуымен іске асырылады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу уақытында жүргізіледі.
26. «Жолда жүру ережелері» оқу курсының мазмұны 3-4-сыныптарда мынадай оқу курстарының шеңберінде іске асырылады: «Ана тілі», «Музыка», «Бейнелеу өнері», «Технология»; 6, 8-сыныптарда сабақтан тыс уақытта, сынып сағаттары мен факультативтер есебінен іске асырылады.»;
«35. Оқу жылының ұзақтығы 3, 4, 6, 8-11-сыныптарда 34 оқу аптасын құрайды.
36. Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сыныптағы және сыныптан тыс (факультативтік, жеке және үйірме сабақтары) оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғанда, 3-сыныпта – 29 сағаттан, 4-сыныпта – 29 сағаттан, 6-сыныпта – 33 сағаттан, 8-сыныпта – 36 сағаттан, 9-сыныпта – 38 сағаттан, 10-сыныпта – 39 сағаттан, 11-сыныпта – 39 сағаттан аспауы тиіс.
37. Оқу жылында 3, 4, 6, 8-11-сыныптардағы каникул күндерінің ұзақтығы кемінде 30 күнді құрайды. Оқу жылы ішінде 3 рет каникул беріледі: күзде, қыста және көктемде. Каникулдардың нақты мерзімін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы белгілейді.»;
«48. Пәндік нәтижелер 3-4-сыныптарда базалық деңгейде, кейінгі сыныптарда үш деңгейде: базалық (міндетті) деңгейде, ықтимал жетік деңгейде 6, 8-11-сыныптарда (пәнді таңдау кезінде 1 сағат көлемінде вариативтік компонентті меңгеру үшін) және бейіналды жетік деңгейде 8-9-сыныптарда/бейіндік жетік деңгейде 10-11-сыныптарда (жалпы білім беру ұйымдары таңдап алған пәндерді тереңдетіп оқытатын үлгілік оқу жоспарларының нұсқаларын меңгеру үшін) белгіленеді.»;
Полная версия
ИС BestProfi