Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.11.2020
"Автомобиль көлiгi саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 62 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13257 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 2 қарашадан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 15.10.2020 жылғы № 531 Бұйрығына сәйкес 
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. «Автомобиль көлiгi саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11476 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік көрсетілген қызмет Стандартына:
3-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);»;
«4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 жұмыс күні.
2) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінгенде қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің өтінішін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көрсетілген тізімге сәйкес, құжаттар топтамасы толық болған кезде қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті алушының толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорациясының қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.»;
8-тармақтың 2) тармақшасының абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін;»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Полная версия
ИС BestProfi