Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.07.2024
Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1279 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 ақпанда № 12961 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2024 жылғы 22 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.07.2024 жылғы № 420/НҚ Бұйрығына сәйкес
Редакция 19.09.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының 7-бабы 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 27.08.2022 жылғы № 297/НҚ Бұйрығына сәйкес (15.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек 
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1279 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі
1. Осы Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 25) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Осы Әдістеме есептік кезең 2016 жыл үшін ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау үшін қолданылады.
3. Әдістеме мемлекеттік орган қызметінің айқындылығын арттыру және процестерін оңтайландыру үшін орталық мемлекеттік органдармен (бұдан әрі - ОМО) және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - ЖАО) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі рәсімдердің жиынтығын анықтау үшін арналған.
4. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
2) ақпараттық жүйені өнеркәсіптік пайдалану – ақпараттық жүйені мақсаттарына, міндеттері мен техникалық құжаттамада жазылған талаптарға және нормативтік-техникалық құжаттамасына сәйкес штаттық режимде пайдалану;
3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу әдістерінің және аппараттық-бағдарламалық кешен мен телекоммуникациялар желілерін қолдана отырып жүзеге асырылатын ақпараттық өзара іс-қимыл әдістерінің жиынтығы;
4) домендiк ат – Интернетті адрестеу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған, белгiлi бiр желiлiк адреске сәйкес келетiн және Интернеттің объектiсiне атауландырып өтініш жасауға арналған символдық (әрiптiк-цифрлық) белгiлеме;
5) Интернет – электрондық ақпараттық ресурстарды жіберуге арналған телекоммуникациялардың біріктірілген желілерінің және есептеу ресурстарының дүниежүзілік жүйесі; 
Полная версия
ИС BestProfi