Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 маусымдағы № 5-VI Заңы
Редакция 29.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., №9, 26-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; №11, 55-құжат; №12, 79, 83-құжаттар; №16, 97-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 18-құжат; №14, 105-құжат; №15, 106, 109-құжаттар; №16, 129-құжат; №17, 139-құжат; №18, 143-құжат; №20, 152-құжат; №24, 180-құжат; 2008 ж., №6-7, 27-құжат; №15-16, 64-құжат; №21, 95-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №2-3, 18-құжат; №13-14, 62-құжат; №15-16, 76-құжат; №17, 79-құжат; №18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., №5, 23-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №5, 43-құжат; №6, 49, 50-құжаттар; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №13, 114-құжат; №15, 120-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 9, 11-құжаттар; №3, 27-құжат; №4, 32-құжат; №5, 35-құжат; №8, 64-құжат; №11, 80-құжат; №14, 95-құжат;
№15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., №2, 10-құжат; №8, 44-құжат; №11, 63, 64-құжаттар; №12, 82-құжат; №14, 84-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; №21, 118, 122-құжаттар; №23, 143-құжат; №24, 145-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №11, 57-құжат; №19-I, 99, 101-құжаттар; №19-II, 103-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115, 117-құжаттар; №21-I, 124, 126-құжаттар; №22-II, 145-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №7-ІІ, 53, 56-құжаттар; №8-ІІ, 72-құжат):
1) 24-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 04.05.2018 жылғы № 151-VІ Заңына сәйкес (23.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.05.2018 жылы № 85 (28714) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
«1. Мемлекеттік меншiктегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi осы Кодексте белгiленген тәртiппен және шарттарда Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғаларына жер пайдалану құқығымен берiлуi мүмкiн.»
2) 24-баптың 2, 3 және 4-тармақтарының, 97-баптың 6-тармағы 1) тармақшасының;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.05.2021 жылғы № 39- VII Заңына сәйкес (04.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) 97-баптың 6-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 04.05.2018 жылғы № 151-VІ Заңына сәйкес (23.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.05.2018 жылы № 85 (28714) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
«2) Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргізу, орман өсiру, ғылыми-зерттеу, тәжiрибе жүргізу және оқыту мақсаттары, қосалқы ауыл шаруашылығын, бау-бақша шаруашылығын және мал шаруашылығын жүргiзу үшiн жер пайдалануға беріледі.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің;».
3-тармақшаның екінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.05.2021 жылғы № 39- VII Заңына сәйкес (04.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) 101-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
4-тармақша өзгертілді ҚР 30.06.2021 жылғы № 59-VII Заңымен (13.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақша өзгертілді ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңымен (30.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«1. Жер учаскелерi шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарына – уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен 10 жылдан 49 жылға дейiнгi мерзiмге осы Кодекске сәйкес берiледi.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің қолданысы 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын.
4-тармақшаның екінші абзацы өзгертілді ҚР 23.12.2016 жылғы № 32-VI Заңымен (30.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.12.2016 жылы № 249 (28977) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-бап. «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-I, 126-құжат) қолданысқа енгізілуі 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын.
2-бап өзгертілді ҚР 23.12.2016 жылғы № 32-VI Заңымен (30.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.12.2016 жылы № 249 (28977) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ өзгертілді ҚР 30.06.2021 жылғы № 59-VII Заңымен (13.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
Полная версия
ИС BestProfi