Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына, бюджет қаражаты есебiнен оқу ақысын төлей отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетiн адамдармен келiсiмшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 500 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 маусымда № 13796 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 10.07.2023 жылғы № 558 Бұйрығына сәйкес (26.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 29.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына, бюджет қаражаты есебiнен оқу ақысын төлей отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетiн адамдармен келiсiмшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 10.07.2023 жылғы № 558 Бұйрығына сәйкес (26.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев): 
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке жүктелсін. 
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
 2016 жылғы 13 мамырдағы
 № 500 бұйрығына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына, бюджет қаражаты есебiнен оқу ақысын төлей отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетiн адамдармен келiсiмшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидалары
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 10.07.2023 жылғы № 558 Бұйрығына сәйкес (26.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына, бюджет қаражаты есебiнен оқу ақысын төлей отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетiн адамдармен келiсiмшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Кағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен оқу ақысын төлей отырып, ІІМ жолдамасы бойынша шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсетiн адамдармен келiсiмшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртiбiн анықтайды.
2-тарау. Келісімшартты жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және
 тоқтату тәртiбi
2. Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын ІІМ білім беру ұйымдарына оқуға түсетін адамдармен Келісімшарт қабылдау комиссиясының ІІМ білім беру ұйымдарына қабылдау туралы шешімі және ІІМ білім беру ұйымы бастығының қабылдау туралы бұйрығы шыққаннан кейін жасалады.
Полная версия
ИС BestProfi