Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.03.2017
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 2 маусымдағы № 234 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 02.03.2017 жылғы № 128 Бұйрығына сәйкес
Редакция 26.01.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 295 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті туралы ереже бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мыналарды:
1) осы бұйрық көшірмелерінің бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдануын;
2) осы бұйрық бекітілгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электронды түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет - порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы М. Құсайынов
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрінің
 2016 жылғы 02 маусымдағы
 № 234 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс
 және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті туралы
 ереже
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары мен коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік реттеу, елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау саласында бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет - ұйымдық-құқықтық нысаны мемлекеттік мекеме болып табылатын заңды тұлға, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары бар.
Полная версия
ИС BestProfi