Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.05.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 20 мамырдағы № 243 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 20 маусымда № 13806 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 17 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 29.04.2025 жылғы № 209 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 13.05.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң кейбiр бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығымен (20.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) «Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидалары» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 қаңтарда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
«21-1. 01-116-нысан (20-1-қосымша) Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары шығыстарды есептеуге арналған.
Осы нысан бойынша есепті жасау кезінде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңын басшылыққа алу керек.
20-1-қосымша сонымен қатар 135 «Техникалық персонал бойынша жұмыс берушілердің жарналары» ерекшелігі бойынша жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарына арналған шығыстарын есептеу үшінде қолданылады.».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының  Қаржы Министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2016 жылғы 20 мамырдағы
 № 243 бұйрығына қосымша
Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну
 қағидаларына 20-1-қосымша
 01-116-нысан
Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарына арналған шығыстар есебі
 Мәлiметтер түрi (болжам, жоспар, есеп)     |_______________________|
 Бағдарламалардың  әкiмшiсi                 |_______________________|
Қызметкерлер саны Қызметкерлердiң ай сайынғы табысы Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерi Бiр айдағы жарна сомасы (2-бағ.х3-бағ.)/100 Бiр жылдағы жарна сомасы 4-бағ.х12
1 2 3 4 5
бiрл. мың теңге % мың теңге мың теңге
 мекеме басшысы            _______  __________________________________
Полная версия
ИС BestProfi