2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына және «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 370 қаулысы
Редакция 25.08.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 370 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 522 Қаулысына сәйкес (23.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 522 Қаулысына сәйкес (23.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)
3. «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысында:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны.»;
«Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары» деген 3-бөлімде:
мынадай мазмұндағы 10-1 тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мұндай жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда, салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберіндегі жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.»;
«Экономиканың басым секторларындағы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау» екінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары» деген 4-тарауда:
Полная версия