Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы
№ 3-3/517 бұйрығына
4-қосымша
4-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2016 жылғы № 239 Бұйрығына сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4-қосымша өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.07.2017 жылғы № 301 Бұйрығымен (27.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.07.2023 жылғы № 277 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 14.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Биязылау жүнді қой тұқымдарын бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Биязылау жүнді қой тұқымдары бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және биязылау жүнді қой тұқымдарына бонитирлеу жүргізу тәртібін айқындайы.
2. Биязылау жүнді қой тұқымдарын бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
2-тарау. Биязылау жүнді қой тұқымдарын бонитирлеу тәртібі
3. Биязылау жүнді қойлар таза тұқымды қойларға және будандарға бөлінеді.
4. Таза тұқымды қойларға мыналар жатады:
1) бір тұқымның таза тұқымды ата-енелерін шағылыстыру нәтижесінде алынған жануарлар;
2) екі тұқымның біреуі бойынша қан құрамы кемінде 75 пайыз болған кезде тұқымдар генотипі бойынша жақын, туыс екі жануарды шағылыстыру нәтижесінде алынған жануарлар;
3) бір тұқымның қан үлесі кемінде 93,75 пайыз болған кезде туыс емес тұқымдарды будандастыру нәтижесінде алынған жануарлар;
4) екі және одан көп туыс емес тұқымдардың қатысуымен жаңа тұқым жасау нәтижесінде алынған жануарлар.
5. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілмеген қойлар будандарға жатады.
6. Биязылау жүнді қой тұқымдары өнімділік бағыты бойынша: жүнді-етті, ұзын жүнді етті-жүнді және қысқа жүнді етті-жүнді болып бөлінеді.
Жүнді-етті тұқымдарға цигай тұқымы жатады.
Ұзын жүнді етті-жүнді тұқымдарға мыналар жатады: қазақтың етті-жүнді, қазақтың кроссбредтік жүнді биязылау жүнді, Ақжайық етті-жүнді қойы, Дегерестің құйрықты биязылау жүнді етті-жүнді тұқымдары.
Қысқа жүнді етті-жүнді тұқымдарға мыналар жатады: қазақтың биязылау жүнді тез жетілетін етті, гэмпшир, шароле, суффолк, тексель, австралиялық ақ.
7. Биязылау жүнді қойлар жеке немесе сыныптық бонитирлеуге жатады.
Жеке бонитирлеу толық және қысқартылған жеке бонитирлеуге бөлінеді.
Ересек тұқымдық қошқарлар (негізгі, резервтік, сынамалар), өсімді молайтатын қошқарлар, селекциялық топтың саулықтары мен тұсақтары, селекциялық топтың саулықтарынан алынған барлық төлдер, өз табындарының өсімін молайтуға және табынға өткізуге арналған барлық асыл тұқымды еркек тоқтылар мен ұрғашы тоқтылар толық жеке бонитирлеуге жатады.
Селекциялық ядроның саулықтарынан алынған төлдер қысқартылған жеке бонитирлеуге жатады.
Қысқартылған жеке бонитирлеу кезінде жануардың сыныбы 5 балдық шәкіл бойынша жануардың типі, жүннің қалыңдығы, ұзындығы, бұйралығы, жүн талшықтарының жіңішкелігі, жүннің біркелкілігі, тірідей салмағы, жалпы бағалауы бойынша жануарды жалпы бағалау негізінде белгіленеді.
8. Өз табынының өсімін молайтуға арналған асыл тұқымды емес жануарлардан алынған барлық ұрғашы тоқтылар сыныптық бағалауға жатады. Жануарлар сыныбын белгілей отырып, барлық белгілер негізінде бағаланады (журналға жазылмай).
9. Биязылау жүнді қойларды бонитирлеу тірідей салмақты, көктемгі және күзгі жүннің сапасын және жалпы қырқылымын ескере отырып, көктемде қырқу алдында жүргізіледі.
10. 4-5 айлық еркек тоқтылар мен ұрғашы тоқтылар алдын ала қысқартылған жеке бонитирлеуге жатады және 5 балдық шәкіл бойынша бағаланады.
11. Табынға қалдырылған еркек тоқтылар он екі айлық жасында негізгі шаруашылықта пайдалы белгілері бойынша толық жеке бонитирлеуден өтеді.
12. Асыл тұқымды табындарда жыл сайын 12 айлық жастағы барлық ұрғашы тоқтыларға сыныптық және жеке бонитирлеу жүргізіледі.
13. Бонитирлеу нәтижелерін бонитерлер (сыныптаушылар) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасына енгізеді және растайды.
14. Мынадай селекциялық белгілер бонитирлеуге жатады:
жануарлардың типі және терінің қатпарлығы;
бүйірдегі жүннің ұзындығы (негізгі және өсімді молайтатын қойларда; белінде, арқасында және ішінде);
жүн талшықтарының жіңішкелігі микрометрлерде немесе сапада;
арқасында, ішінде және мұрнында жүннің өсуі;
жүннің созылғыштығы (цигай жүні үшін).
15. Жануардың сыныбы конституциялық-өнімділік қасиеттердің, жеке қасиеттердің және тұқым стандартына сәйкестік дәрежесінің жиынтығы бойынша белгіленеді.
16. Биязылау жүнді қой тұқымдарын бонитирлеу кезінде мыналар қолданылады:
1) осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес биязылау жүнді қой тұқымдарын бонитирлеу (бағалау) кілті;
2) осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес биязылау жүнді қой тұқымдарының негізгі селекциялық белгілерінің шартты белгілері мен шифрлары;
3) осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес биязылау жүнді қой тұқымдарының микрометрде жүн талшықтарының жіңішкелік сыныбы.
17. Жануарлар сыныбы жануардың мөлшерін, дамуын, конституциясын, сүйегін, типі мен сырт бітімін, ет пішіндерінің көрінімділігін, тірідей салмағын, жүннің қырқымы мен сапасын, терінің қатпарлануын кешенді бағалау негізінде анықталады.
18. Тұқымдық типінің көрінімділігіне, конституциялық ерекшеліктеріне, дамуына, дене бітіміне және өнімділік деңгейіне қарай биязылау жүнді қойларды бонитирлеу кезінде қойлар мынадай сыныптарға бөлінеді:
19. Осы Нұсқаулықтың 16-тармағында көрсетілмеген биязылау жүнді қойлар жарамсыз деп шығарылады.
20. Жеке немесе сыныппен бонитирленген және сыныптарға жатқызылған биязылау жүнді қойлар мен олардың будандары оң құлағындағы қысқыштармен мынадай тәртіппен белгіленеді:
элита – оң құлақтың ұшындағы бір «жебе» ен салу;
I-сынып – оң құлақтың төменгі жиегіндегі бір ен салу;
II-сынып – оң құлақтың төменгі жиегіндегі екі ен салу;
Сыныптық жануарлардың талаптарына сай келмейтін қойлардың оң құлағының ұшын кесіп тастайды.
3-тарау. Асыл тұқымдық есепке алуды жүргізу
21. Асыл тұқымды қойлардың әрбір табынында асыл тұқымдық есепке алу деректері селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстық ақпараттық қорына «Асыл тұқымды жануардың жеке карточкасының, сондай-ақ селекциялық процеске тартылған ауыл шаруашылығы жануары карточкасының нысандары мен оларды толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13488 болып тіркелген) (бұдан әрі – бұйрық) 7-қосымшаға сәйкес асыл тұқымды қошқардың жеке карточкасына (биязы жүнді, жартылай биязы жүнді және етті-майлы бағыты), негізгі тұқымдық қошқарлардың және селекциялық топтың саулықтарына (№1-о және №2-о нысандары), сондай-ақ бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес асыл тұқымды қойдың жеке карточкасына (биязы жүнді, жартылай биязы жүнді және етті-майлы бағыты) жүйелі түрде енгізіледі.
Биязылау жүнді қой
тұқымдарын бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
Биязылау жүнді қой тұқымдарын бонитирлеу (бағалау) кілті

Қойлардың атауы

Шартты белгілер

Қазақтың етті-жүнді

ҚЕЖ

Ақжайық етті-жүнді

АЕЖ

Қазақтың биязылау жүнді

ҚБЖ

Қазақтың етті, тез жетілетін биязылау жүнді

КЕТЖБ

Қазақтың өсімтал етті-жүнді

ҚӨЕЖ

Цигай

Ц

Дегерестің етті-жүнді құйрықты биязылау жүнді

ДЕЖҚБЖ

Биязылау жүнді қой
тұқымдарын бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
Биязылау жүнді қой тұқымдарының негізгі селекциялық белгілерінің шартты белгілері мен шифрлары

Селекциялық белгілер

Шартты белгілер немесе өлшем бірліктері

Селекциялық белгілердің шифрлары

1

2

3

4


 

Жануардың типі және терінің қатпарлығы


 


 

тері қатпары аз немесе мүлдем жоқ, жүн өнімділігі төмен жануарлар

Қ-

1

мойны мен денесіндегі қатпарлары өте көп, жүнді типке көбірек келетін жануарлар

Қ+

2

Жүн және ет өнімділігінің көрінетіндігі бойынша тұқым стандартына сай жануарлар

Қ

3

2

Жүн қалыңдығы – бүйірі мен арқасындағы тері жігінің көлемі бойынша және қолмен ұстап анықталады


 


 

сирек, тұқым стандартына сай емес

Т-

1

қанағаттанарлық

Т

2

қалың

Т+

3

өте тығыз

ТТ

4

3 3.1 3.2 3.3

Бүйір жүннің ұзындығы - қой жауырынының артқы жағынан, бүйірдің орта сызығынан сәл жоғары жерде созылмаған штапелді сызғышпен өлшеу арқылы анықталады, осыған қоса негізгі және тұқымдық тоқты қошқарларда жүн ұзындығы мынадай бөліктерде анықталады: санында арқасында қарнында

сантиметр

0,5-ке дейін

4 4.1 4.2

жүн талшықтарының жіңішкелігі микрометрмен немесе сапалығымен көзбен қарап немесе микроскоп көмегімен анықталады және негізгі және өсімді молайтатын тоқтыларды: санында арқасында

микрометр

1-ге дейін

5

Жабағы жүннің біркелкілігі – бүйір және санындағы жүн талшықтарының жіңішкелігіндегі айырмашылық бойынша анықталады:


 


 

Жүн біркелкі емес, бүйір мен санындағы жүн талшықтары жіңішкелігіндегі айырмашылық 2 сападан немесе 4 микрометрден (бұдан әрі – мкм) артық

БК-

1

Жүн біркелкі , бүйір мен санындағы жүн талшықтары жіңішкелігіндегі айырмашылық 1 сапаға тең немесе 2-ден 4 мкм-ге дейін

БК

2

Жүн жақсы біркелкі, санындағы жүн талшықтары жіңішкелігіндегі айырмашылық 2 мкм-ден аз

БК+

3

6

Жүннің бұйралығы –бүйір жүні көзбен анықталады:


 


 

жүн иректілігі білінбейді, мүлдем жоқ немесе әлсіз байқалады

И-

1

жүн иректілігі жақсы көрінеді, ұнамды пішінде, бірақ анық емес

И

2

жүн иректілігі ұнамды пішінде, барлық жүн талшықтары ұзындығы бойына анық көрінеді

И+

3

7 7.1 7.2

Шайыр


 


 

шайыр мөлшері


 


 

жеткіліксіз

Ш-

1

артық

Ш+

2

сапасы мен мөлшері жеткілікті

Ш

3

Шайыр түсі


 


 

сарғыш

С

1

ашық-сарғыш

АС

2

ақ

А

3

8

Арқасы, бауыры мен басының жүнділігі Бағалау кезінде арқасының жүнділігі жақсы малдар ұнамды болып табылады

балл

ең жоғары 5

9

Сүйегі – жиынтық баға негізінде анықталады:


 


 

сүйегі нәзік

НБ

1

сүйегі ірі, үлкен

СБ

2

сүйегі жақсы дамыған, бірақ үлкен емес

ББ

3

10

Сырт бітімі – жеке дене бөліктерінің дамуына жиынтық баға беру негізінде анықталады

балл

ең жоғары

11

Тірідей салмағы төмендегідей жаста анықталады:


 


 

туылғанда (1-2 күн)

килограмм

0,5-ке дейін

енелерінен айырғанда 4-4,5 айлығында

килограмм

0,5-ке дейін

1 жасында

килограмм

0,5-ке дейін

12

Жүн қырқымы Жуылмаған (табиғи) жүннің қырқымы бір жыл өскен тезегі жоқ жүннің қырқымы арқылы барлық салмағы,

килограмм

0,1-ге дейін

13

Таза жүн шығымы Жуылмаған және таза жүн шығымдарының %-қ қатынасы жуылмаған жүн үлгісін жуу кезінде белгіленеді

%

1-ге дейін

14

Таза жүннің қырқымы, есептеу тәсілі арқылы анықталады

килограмм

0,1-ге дейін

15

Жануардың сыныбы – қырқуға дейінгі бонитирлеу кезінде нұсқаулық бойынша белгіленеді:


 


 

элита

элита

5

бірінші сынып

1

4

екінші сынып

2

3

жарамсыз

жр

1

16

Жануардың көлемі:


 


 

ірі

і

5

орташа

о

4

ұсақ

к

3

17

Жүн жылтырлығы


 


 

жоқ

жб

2

әлсіз

ә

3

жақсы, жақсы көрінеді

ж

4

күшті, анық, құбылып тұрады

к

5

18

жүн созылғыштығы (цигай жүніне)


 


 

қанағаттанарлық созылғыш

ҚС

4

жақсы созылғыш

ЖС+

5

созылғыштығы жоқ

СЖ-

3

Биязылау жүнді қой
тұқымдарын бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
Биязылау жүнді қой тұқымдарының микрометрде жүн талшықтарының жіңішкелік сыныбы

Жүн талшықтары жіңішкелік сыныбының шектері, микрометрмен

Жүннің жіңішкелік сыныбын микрометрге айналдыру кестесі

сапа

микрометрлер

сапа

микрометрлер

1

2

3

4

60

23,1-25,0

60

24

58

25,1-27,0

58

26

56

27,1-29,0

56

28

50

29,1-31,0

50

30

48

31,1-34,0

48

32

46

34,1-37,0

46

35

44

37,0-40,0

44

38

40

40,1-43,0

40

42

36

43,1-55,0

36

46

Полная версия
ИС BestProfi