Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы
№ 3-3/517 бұйрығына
17-қосымша
Осы Бұйрық 17-қосымшамен толықтырылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2016 жылғы № 239 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
17-қосымша өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.07.2017 жылғы № 301 Бұйрығымен (27.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
17-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.07.2023 жылғы № 277 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 14.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қояндарды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Қояндарды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және қояндарға бонитирлеу жүргізуді нақтылайды, сондай-ақ қояндарды бонитирлеу кезінде қойылатын зоотехникалық талаптарды белгілейді.
2. Қояндарды бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
2-тарау. Қояндарды бонитирлеуді ұйымдастыру
3. Бонитирлеу – жануарларды тиiстi сыныбын бере отырып, шаруашылыққа пайдалы белгілер кешенi (тұқымдылығы, өнiмдiлік сапалары, сыртқы тұрпаттық-бiтiмдiк ерекшелiктерi) бойынша бағалау. Бонитирлеуді жыл сайын, қараша, желтоқсан айларында жүргізеді. Асыл тұқымды қояндарды өсіретін фермаларда бонитирлеуге негізгі табынның барлық аталықтары мен аналықтары, бір реттік (тексерілетін) аналықтар және селекциялық табынның үш айлығындағы және қараша-желтоқсан айларында тұқымын алуға қалдырылған кезде бағаланатын барлық жас қояндар, сондай-ақ басқа шаруашылықтарға тұқымын алуға өткізілетін жас қояндар жатады.
Тауарлық фермаларда негізгі табындағы асыл тұқымдық ядроның аналық қояндарының барлық аталықтары, үш айлық жасында іріктелген және қараша-желтоқсан айларында тұқымын алуға қалдырылған кездегі өсімді молайтатын жас қояндар бонитирленеді.
қояндарды жақсы (зауыттық) қоңдылықты (арып немесе семіріп кетпеген) жай-күйге келтіру;
барлық ауру және ауруға күдікті, сондай-ақ кәрі және өнімділігі төмен қояндарды жарамсыздыққа шығару;
қояндардың шығу тегін нақтылау және жануарлардың нөмірлерін тексеру (анық емес нөмірлер қалпына келтіріледі);
табақшалы таразыны, сантиметрлік лента мен сызғышты дайындау қажет.
5. Өсімді молайтатын жас қояндар және тұқымды алуға сатылатын жас қояндар 2 немесе 3 айлық жаста мынадай төрт көрсеткіш бойынша бонитирленеді:
4) түкті жабынының қалыңдығы (табандарының мамықтануы).
Негізгі табындағы қояндарды және негізгі табынға енгізілетін өсімді молайтатын жас қояндарды, бір реттік (тексерілетін) аналықтарды қараша–желтоқсан айларында тұқымдылығы, тірідей салмағы, дене бітімі, түкті жабынының тығыздығы және оның біркелкілігі (етті-терілік тұқымдарда), түбіттік өнімділігі (түбітті тұқымдарда) түкті жабынының түсі (етті-терілік тұқымдарда) бойынша бонитирлейді.
Полная версия
ИС BestProfi