Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 Қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.04.2016 жылғы № 215 Қаулысына сәйкес (04.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 945-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.10.2022 жылғы № 850 Қаулысына сәйкес (16.03.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.04.2016 жылғы № 215 Қаулысына сәйкес (04.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.12.2011 № 1622 (01.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.04.2014 жылғы № 322 Қаулысымен (28.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.05.2014 жылы № 98 (28322) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.04.2016 жылғы № 215 Қаулысына сәйкес (04.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 945-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау және жүзеге асыру тәртібін регламенттейді.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.03.2024 жылғы № 228 Қаулысына сәйкес (26.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.10.2018 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес (14.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.10.2018 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес (14.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.03.2024 жылғы № 228 Қаулысына сәйкес (26.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек – банкроттық салдарынан таратылған және қызметкерлердің өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапты деп танылған заңды тұлғалардың бұрынғы қызметкерлеріне және бұрынғы қызметкердің қайтыс болуы салдарынан зардап шеккен адамдар (бұдан әрі – зардап шеккен адамдар) – Қазақстан Республикасының азаматтарына зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан (зардап шеккен адам 70 жасқа жеткен, бірақ заңды тұлға банкрот деп танылған күннен бастап 10 жыл (120 ай) өткеннен ерте емес) кейін жүзеге асырылатын ақшалай төлемдер;
3) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйым – банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
4) ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.10.2018 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес (14.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.11.2020 жылғы № 745 Қаулысына сәйкес (09.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.03.2022 жылғы № 128 Қаулысына сәйкес (09.11.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) істің электрондық макеті (бұдан әрі – ІЭМ) – Мемлекеттік корпорация қалыптастыратын ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушы ісінің электрондық макеті;
7) капиталдандыру кезеңі – капиталдандыру жүргізілген, сот не тарату комиссиясы бекіткен құжатта (сот актісі, кредиторлар тізілімі, анықтама-есеп) көрсетілген кезең;
8) капиталдандырылған төлемдер сомасы – зардап шеккен адамға ақшалай түрде төленген не борышкердің мүлкі есебінен заттай түрінде өтелген, сот актісінде (актілерінде), кредиторлар тізілімінде, анықтама-есепте көрсетілген сома;