"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына және 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
"Жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің техникалық-экономикалық негіздемелері мен оларды салу жобаларын келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 223 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 30 маусымдағы № 296 бұйрығы
1. "Жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің техникалық-экономикалық негіздемелері мен оларды салу жобаларын келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 223 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10807 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір апталық мерзімде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, "Әділет" ақпарат-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы М. Мырзағалиев
"КЕЛІСІЛГЕН" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Қ. Бишімбаев ____________ 2016 жылғы 11 шілде
Полная версия