Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәнін және ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 144 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 шілдеде № 13939 болып тіркелді
Қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 жылғы № 256 Қаулысына сәйкес (11.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.12.2023 жылғы № 100 Қаулысына сәйкес (29.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесі белгіленсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
5. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.