«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
"Пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге және жер қойнауын өзге мақсатта пайдалану үшін геологиялық және/немесе тау-кендік бөлуді ұсыну тәртібі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 126 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 15 маусымдағы № 488 бұйрығы
1. "Пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге және жер қойнауын өзге мақсатта пайдалану үшін геологиялық және/немесе тау-кендік бөлуді ұсыну тәртібі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 126 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8504 болып тіркеліп, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 24 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ. Нұрабаев) заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) қол қойылған күннен бастап бір апта мерзім ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберуді;
2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жариялануын;
3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің міндетін атқарушы Е. Хаиров
Полная версия