Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.03.2017
Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы техникасының және ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 232 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 23 маусымдағы № 13816 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 3 наурыздан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.02.2017 жылғы № 50 Бұйрығына сәйкес
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ   ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
___________________ Б.Сұлтанов 
2016 жылғы 26 мамыр
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
___________________ Қ. Бишімбаев 
2016 жылғы 30 мамыр
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2016 жылғы 23 мамырдағы
 № 232 бұйрығымен
 1-қосымша
Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары
1. Осы Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1 тармағының 41) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде (бұдан әрі – субсидия) Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың негізгі мақсаты агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) субъектілеріне қаржылық қызметтердің қолжетімдігін арттыру болып табылады. 
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 
1) ауыл шаруашылығы жануарларының шартты мал басы – осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарларының ірі қара малдың шартты басына айналдыру коэффициенттеріне сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының басын ірі қара малдың шартты басына ауыстыру;
Полная версия
ИС BestProfi