Близость слов: Окончание:





Кейбір бұйрықтардың күшін жою туралы
 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 993 бұйрығы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 993 бұйрығына
қосымша
Кейбір күші жойылған бұйрықтардың тізбесі
1. «Өрт қауіптілігі бойынша 4 топқа жатқызылған объектілерді паспорттау туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының 1997 жылғы 18 маусымдағы № 141 бұйрығы.
2. «Азаматтық қорғаныстың оқу-материалдық базасы туралы ережені қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының 1997 жылғы 17 шілдедегі № 161 бұйрығы.
3. «Даярлау және оқыту орталықтарын техникамен және оқу мүлкімен жарақтау нормаларын қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының 1997 жылғы 24 шілдедегі № 164 бұйрығы.
4. «Облыстардың, Алматы қаласының Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің (Басқарма, Бас Басқарма құқықтарындағы) үлгілік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының 1997 жылғы 10 қазандағы № 198 бұйрығы.
5. «Азаматтық қорғаныс құралымдарымен арнайы тактикалық оқу-жаттығуларды ұйымдастыру және өткізу бойынша тәлімдемені қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының 1997 жылғы 3 қарашадағы № 211 бұйрығы.
6. «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде әскери тәртіптің және әскерлер қызметінің жай-күйін бағалауды анықтау туралы ережені қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті төрағасының 1997 жылғы 26 қарашадағы № 225 бұйрығы.
7. «Әскери тасымалдау құжаттары бланкілерінің болуын және заңдылығын тексеру үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті төрағасы орынбасарының 1998 жылғы 23 қаңтардағы № 14 бұйрығы.
8. «Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты жұмыстарды және қызметтерді орындауға рұқсат беру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті төрағасының 1998 жылғы 3 наурыздағы № 39 бұйрығы.
9. «Қызметтік және еңбек қызметіндегі айрықша жағдайлары үшін арнайы органдардың қызметкерлеріне үстемеақы төлеу және қосымша демалыс беру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті төрағасының 1998 жылғы 4 наурыздағы № 47 бұйрығы.
10. «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау жоғары техникалық училищесінің Мемлекеттік біліктілік комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті төрағасының 1998 жылғы 27 наурыздағы № 60 бұйрығы.
11. «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті төрағасының 1998 жылғы 27 сәуірдегі № 93 бұйрығы.
12. «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің орталық аппаратында және оның барлық құрылымдық бөлімшелерінде атқыш қаруды және оқ-дәріні есепке алу, сақтау және беруді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті төрағасының 1998 жылғы 7 мамырдағы № 104 бұйрығы.
Полная версия
ИС BestProfi