Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2019
«Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полистерін рәсімдеуге және беруге, сондай-ақ міндетті сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша міндетті сақтандыру шарттарын жасау үшін сақтанушы өтініштерінің мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 141 Қаулысы. ҚР Әділет министрлігінде 2016 жылғы 14-ші шілдеде №13929 тіркелген
Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 269 Қаулысына сәйкес
1. «Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полистерін рәсімдеуге және беруге, сондай-ақ міндетті сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша міндетті сақтандыру шарттарын жасау үшін сақтанушы өтініштерінің мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 24 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемелкеттік тіркеу тізілімінде № 6171 тіркелген, 2010 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 13 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полистерін рәсімдеуге және беруге қойылатын талаптарда:
«13) сақтандырушының қолы;»;
«8. Сақтандыру полисiне сақтандырушы қол қояды. Сақтандыру агенті сақтандырушы мен сақтандыру агенті арасында жасалатын шартта тиісті өкілеттіктері болған жағдайда, сақтандыру полисiне қол қояды. Сақтандырудың ерiктi түрлерi бойынша сақтандыру полисі қосымша сақтандырушының мөрiмен бекітіледі.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптарда:
«10) өтініштің берілген күні;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптарда:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) өтініштің берілген күні;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау үшін сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптарда және өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар көшірмелерінің тізбесінде:
«6) туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) берілген лицензия туралы мәліметтер;»;
Полная версия

