Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.09.2020
"Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 505 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 шілдеде № 14034 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес 
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11636 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Экспорттық бақылауға жататын өнiмнің транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.»;
«9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк қызметті көрсету үшін қажеттi құжаттар тiзбесi:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
2) жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
3) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы құжат – шетелдік заңды тұлға үшін;
4) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжат – шетелдік жеке тұлға үшін; 
5) экспорттаушы елдiң экспорттық бақылау мәселелерi бойынша уәкiлеттi органы берген өнiмдi шығаруға рұқсатының бар екендігі туралы құжат; 
6) көрсетілетін қызметті алушы мемлекетінің заңнамасына сәйкес өнiмнiң транзитiне байланысты қызметтi жүзеге асыруға берілген құқықты растайтын құжат; 
7) сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушылары, сондай-ақ өнiмнiң номенклатурасы және көлемi (заттай және құндық мәндегi) көрсетілген өнімді жеткізуге арналған келісімшарт;
8) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты; 
9) Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауiпсiздiгi жөнiндегi құзыреттi органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерiнің бұзушылығы айқындалған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы тарапынан тасымалдың нақты жағдайларына тексеру жүргiзуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, керi тасымалдауға, сараптамаға және атқарушы органдардың басқа да қажеттi әрекеттерiне байланысты шығыстарды, сондай-ақ айқындалған ауытқуларды заңнама талаптарына сәйкес келтiру және/немесе экспортталуы мемлекетке жүктi қайтару қажеттiлігiне байланысты шығыстарды өтеуге кепiлдiктi растайтын құжат;
10) өтiнiш берушiнiң транзитпен ауысатын өнiмнiң номенклатурасы мен көлемi көрсетілген (заттай және құндық мәндегi) жеке қорғауды жүзеге асыруды қамтамасыз еткенiн растайтын құжат және жеке қорғауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғалардың күзет қызметiн жүзеге асыруға берілген құқығын растайтын құжат; 
өнімді физикалық қорғауды әскери көлікпен алып жүретін қарауыл жүзеге асырған жағдайда, мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде әскери көлікті алып жүретін қарауыл қызметкерлерінің тегі, аты, әкесінің аты, қаруының түрі (маркасы), қарудың нөмірі және калибрі әр әкелінетін қару бірлігіне оқ-дәрі саны көрсетіле отырып, әскери көлікпен алып жүретін қарауыл туралы ақпаратты ұсыну қажет;
Полная версия
ИС BestProfi